Әлемдік әскери күштің рейтингісі жарияланды. Қазақстан әскері Орталық Азиядағы ең қуатты әскер саналады. Бұл Global Firepower-2024 рейтингісіне сай жасалған шешім. Қазақстан 145 елдің ішінде 58 орынды иемденді.
Жалпы әскери рейтингті анықтау барысында 60 түрлі критерийге мән берілген. Оның ішінде әскери бөлімшелер саны, адами ресурс, ел экономикасының әлеуеті, технологиялық даму, әскери саладағы реформалар, географиялық орналасу, әскердегі түрлі техника мен оны модернизациялау мүмкіндігі, мемлекеттің сатып алу қабілеті және басқа.
Қазақстан әскері 58 орынға жайғасты. Бір жыл бұрын Қазақстан 63 орында тұрған еді. Ал ТМД елдерінің ішінде Әзербайжан 59 орында, Беларусь 64 орында, Өзбекстан 65 орында, Түркіменстан 83 орында, Грузия 84 орында, Қырғызстан 100 орында, Армения 102 орында, Моңғолия 105 орында, Тәжікстан 107 орында тұр.
Алғашқы үштікте АҚШ, Ресей және Қытай жайғасқан. Сонымен бірге үздік бестіктің құрамында Үндістан мен Оңтүстік Корея әскері де бар. Рейтингтің ең соңғы межесіне Бутан елі орналасқан.
Mezgil.kz