Шындығын айтқанда, «иттің аузынан мейірімді сөз шықпайды» деген Қытай нақылы Ресей саясаткерлері мен БАҚ-тарына қатысты айтылғандай. «Сайлауға қатысты АҚШ көмегі сап тыйылады», - деген Ресей БАҚ-тарындағы шабаланушылық оларды лағып, далаға үргендей күйге түсірді. Оларды далаға үргізген АҚШ-тың Республикалық партиясы болды.
АҚШ Конгрессіндегі республикашылдардың бастамасымен Украинаға аса маңызды қаруды жедел беру һәм «Украинадағы жеңіс жоспарының» өзіндік нұсқасы жариялады.
АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасындағы Республикалық партия мүшелері Киевке әскери көмек көрсету нұсқасы мен президент Жо Байденнің әкімшілігін сынаған «Украинаның Жеңіс жоспарын» жария етіп, Украинаның жеңісін қалағандарды бір желпінтті. Құжат халықаралық істер жөніндегі комитеттің сайтында жарияланған. Онда республикашылдар АҚШ-тың Украинаны жан-жақты қолдап, оның Ресейді жеңуге қалай мүмкіндік беретіндігі туралы кешенді стратегияны 30 параққа сыйдыра баян етті. Құжаттың авторлары: Сыртқы істер комитетінің басшысы Майкл Маккол, Қарулы күштер комитетінің басшысы Майк Роджерс және Барлау комитетінің басшысы Майк Тернер.
Аталған жоспарда Украинаға шұғыл түрде аса қажет қару-жарақтарды беру, РФ президенті Владимир Путиннің режиміне қарсы санкцияларды күшейту, сондай-ақ Киевке $300 млрд сомаға тең бұғатталған ресейлік активтерді беру көзделіп отыр.
«Бұл стратегия Украинаға Путинді келіссөздер үстеліне отыруға мәжбүрлеу үшін соғыс даласында қажетті жетістіктерге жету мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Егер Украина күш тұрғысынан келіссөздер жүргізбесе, берік бейбітшілік мүмкін емес», - деп санайды құжат авторлары.
Украинаға F-16 пен алыс қашықтықтағы ATACMS беру және РФ активтерін бұғаттау
Тұжырымдама авторлары президент Байденнің Украинаны «қаншалықты қажет болса, сонша» қолдауға деген көзқарасына қатысты, 300 км қашықтықтағы ATACMS зымырандарының, F-16 жойғыштарының, сондай-ақ қосымша ӘШҚҚ жүйелерінің, кассеталық оқ-дәрілер мен артиллерияның Украина армиясына берілуін қоса алғанда, АҚШ-тың белсенді қатысуын қолдайды.
Бұл ретте жоспар жасалған тексерулердің елеулі бұзушылықтарды анықтамағанын мойындай отырып, американдық көмекті бақылау мәселесін көтереді. Жоспарда АҚШ Украинаға ЖІӨ пайызымен көмек көрсету көлемі бойынша тек 30-шы орында тұрғаны, бұл ретте Еуропалық елдер айтарлықтай үлкен үлес қосатыны атап өтілген.
Құжатта сондай-ақ: «Украинаның жеңісі Ресейдің НАТО еліне басып кіруін болдырмау үшін шешуші мәнге ие екені атап өтілген. Ресейдің, Қытайдың, Иранның, олардың ХАМАС пен «Хезболла» және Солтүстік Кореядағы одақтастарының альянсын Конгрессмендер бүкіл әлем алдында тұрған жаһандық қауіп деп санайды», - делінген.
20 қазанда Байден Конгреске $106 млрд-қа жуық қосымша қаржыландыруға сұрау салды. Атап айтқанда, Украинаға ($61,4 млрд, ең ірі пакет) және Израильге ($14,3 млрд) көмек көрсетуді, сондай-ақ АҚШ-тың оңтүстік шекарасының қауіпсіздігіне қаражат беруді қарастырған.
15 қарашада Өкілдер палатасы шатдаунды болдырмау үшін уақытша заң жобасын қабылдады. Сол күні АҚШ Сенаты Украина мен Израильді қаржыландырусыз құжатты мақұлдады, ал 16 қарашада Байден қол қойды.
6 желтоқсанда заң жобасы АҚШ Сенатында рәсімдік дауыс беруден өтпеді.Себебі Республикалық партия өкілдері АҚШ пен Мексика шекарасындағы көші-қонды бақылау шараларын күшейтуді талап етті. Байден республикашылдардың заң жобасын қолдаудан бас тартуын «саяси бопса» деп атады. Ақ үй АҚШ Конгресі оны қаңтарда қабылдай алады деп есептейді.
3 қаңтарда Ақ үй: «АҚШ-тың Украинаға көмек үшін ақшасы таусылды», - деп мәлімдеді.
Конгресс Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон 7 қаңтарда CBS-ке берген сұхбатында АҚШ парламентіндегі Республикалық партия АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Украинаға оның стратегиясын түсіндіргеннен кейін ғана әскери көмек бөлуге дауыс беруге дайын болатынын мәлімдеді. Шындығын айтады, иттің аузы мейірімді сөз айтпайды.
Сонымен, АҚШ Ресейге «Таспен ұрсаңда жапалақ өледі, жапалақпен тасты ұрсаңда жапалақ өледінің» керін келтіргелі отырған жайы бар.
Mezgil.kz