Bild жазбасы: Ресей 2025 жылы НАТО-мен соғысады...

2025 жылы Ресейдің НАТО-ың шығыс флангына шабуыл жасауы мүмкін. Бұл туралы Bild басылымы ықтимал қақтығыстың құпия сценарийінде жазылғанын айтып, арнайы мақала жария етті.  


Новости мира: в США предупредили о третьей мировой войне из-за введения  войск НАТО на Украину | Новости мира | Известия | 11.03.2023

 

Басылым Германия қорғаныс министрлігі қақтығыс қалай болуы мүмкін екенін зерттеп, сценарийін бүге-шүгесіне дейін қарастырғанын айтуда. Германияның әскери сарапшылары қақтығыс 2025 жылы басталып кетуі мүмкін деген болжам келтірген. Bild басылымы құжаттың НАТО әскерінің әрекетіне қатысты тұсын қауіпсіздік мақсатында құпия сақтап, Ресей әскерінің әрекетіне қатысты тұсын жариялады.

 

Сценарий бойынша шиеленістер 2024 жылдың ақпанында басталады. Ресей кезекті мәрте мобилизация жүргізіп, 200 мың сарбазға қару ұстатпақ. Артынша сайлаудан кейін Кремль Украина жерінде аса ауқымды шабуылға көшіп, Батыстың қару бері бойынша көмегі кешіктірілуіне байланысты Украинаның бірнеше аймағын басып алмақ. Маусым айында Ресей Украина әскерін толық талқандап, басқа агрессиялық әрекеттерін жоспарлай бастайды дейді сценарийде.

 

Сценарийде Ресейдің НАТО елдеріне қарсы арандатушылық әрекеті 2024 жылдың маусымында басталатыны жазылған. Ол бастапқыда жасырын, артынша ашық арандату әрекеттеріне ұласпақ. Кибершабуыл, гибридті соғыстың өзге де әрекеттері қарастырылуда және оның басым бөлігі Балтық елдеріне қарсы бағытталатын болады дейді құжатта. Ресей билігі Эстония, Литва, Латвиядағы этникалық орыстарды билікке қарсы шығуға үгіттеуі мүмкін депті сценарий авторлары.

 

Ары қарай сценарий сөзімен жазсақ: «Ресей мен Балтық елдері арасындағы шиеленіс күшейген сәтте, Мәскеу Беларусьпен бірлесе отырып «Батыс-2024» әскери жаттығуын өткізеді. Жаттығуға Ресей бір мезетте 50 мың әскер қатыстыруы ықтимал. Жаттығу бірнеше айға созылып, Балтық елдері мен Ресей шекарасындағы жағдай ушыға береді. 2021 жылы Украинаға басып кірудің алдындағы әрекет сияқты, Ресей Польша мен Литва маңында жаттығу деген желеумен әскерін арттырады. 2024 жылдың қазан айында Ресей Калининград аймағына қосымша әскер мен зымыран топтастырмақ. Кремльдің негізгі мақсаты НАТО-ның ең осал тұсы саналатын Сувалк дәлізін бақылауға алу болып табылады. Бұл дәлізді алу Калининград пен Беларусь арасын жалғастыратын жол ашар еді.

 

2024 жылы Сувалк дәлізі маңында шекаралық қақтығыс болады. Оны Ресей тарапы іске асыруға тырысады. Қақтығыста бейбіт тұрғыдар мен әскерилердің шығыны көп болмақ. Бұл әрекеттің барлығы АҚШ-та президент сайлауы болып жатқан тұсқа жоспарланған. 2014 жылы да Ресей Қырым оқиғасын АҚШ-тағы сайлау мен оның әуре-сарсаңы тұсында іске асырған-ды.

 

Ресей Сувалк дәлізі маңындағы қақтығысқа байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл жиынын шақырады. Артынша ол БҰҰ жиынында «НАТО Ресейге шабуыл жасамақ» деп айыптай сөйлейді. 2025 жылдың қаңтарында НАТО кеңесі шақырылып, Польша мен Балтық елдері Ресеймен тікелей қақтығысу қаупі артқанын ашық айтады.

 

2025 жылдың наурызында Ресей балтық елдерінің шекара маңына қосымша әскер санын топтастыра түседі. Кемі 70 мың әскер топтастырып, танктық бөлімшелер санын арттырады. 2025 жылдың мамырында НАТО Сувалк дәлізінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шығыс флангке кемі 300 мың әскер аттандыру шешімін қабылдайды. Артынша тараптар арасындағы шиеленіс тоқтамаса, онда тікелей қарулы қақтығыс басталады. Міне, осындай қысқаша сценарийді басылым бас мақала етіп жариялады.

 

Bild бұл құжатты жария ете отырып, аталмыш құжат бар болғаны НАТО-ның бір жаттығу сценарийі ғана болуы мүмкін деп топшылайды. Жекелеген сарапшылар Bild мақаласына шынайы қарап, қауіпті жоққа шығармау керектігін айтуда. Себебі аталмыш басылым 2021 жылдың желтоқсанында «2022 жылы, қаңтар-ақпан айында Ресей Украинаға кіріп, соғыс бастайды және шабуылды тіпті Беларусь аймағынан жасайды» деп дәл болжаған  еді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар