Тайуандағы сайлау һәм ықтимал соғыс қаупі: Қазақстанның ұстанымы қандай?

Тайуанда өткен сенбіде президент сайлауы өтіп, Демократиялық прогрессивті партияның кандидаты Лай Циндэ жеңіске жетті.

1705317453960563.jpg

Бұл алдағы 4 жылдағы Тайуан мен Қытайдың қарым-қатынасының қалай дамитынын анықтайтын оқиға. Тайуанды қол астынан шығарғысы келмейтін Бейжің жаңа президентке үзілді-кесілді қарсы екенін білдірді және Тайуанның президент сайлауын «соғыс пен бейбітшіліктің арасындағы таңдау» деп атады. Қытай аралды қажет болған жағдайда өзіне қайтарып алу керек деп санайды.

Сайлаудан кейінгі баспасөз мәслихатында Лай сайлаушыларға алғыс айтты.

1705317163627960.jpg

«Біз әлемге демократияны қаншалықты қастерлейтінімізді көрсеттік. Бұл біздің мызғымас міндетіміз. Тайуан бүкіл әлемдегі демократиямен қатар жүретін болады. Тайуан халқы сайлауға ықпал еткісі келетін сыртқы күштерге қарсы тұрып, оны сәтті алып шықты», - деді Лай Циндэ.

АҚШ сайлаудан кейін аралда болуы мүмкін кез-келген шиеленісті жағдайда Тайуан үкіметіне көмек беруге уәде еткен. Байден әкімшілігі сайлаудан кейін көп ұзамай бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктердің бейресми делегациясын Тайуанға аттандырмақ.

Басшылыққа Лайдың келуі АҚШ пен Тайуанның арасын бұрынғыдан да жақын етеді деген болжамдар айтылуда.

1705317229172103.jpg

(Сурет: Әлеуметтік желіден)

ҚАЗАҚСТАН «БІРТҰТАС ҚЫТАЙ» ҚАҒИДАТЫН ҚОЛДАЙДЫ!

Тайуандағы президент сайлауына байланысты Қазақстан да өз ұстанымын қайталап өтті. Қазақстан «бір Қытай» қағидатын қолдайды және Тайуан Қытайдың ажырамас бөлігі деп есептейді.

«Тайваньда өткен сайлауға байланысты Қазақстан Республикасы «бір Қытай» қағидатын табанды түрде қолдайтынын қайта мәлімдейді және Қытай Халық Республикасының үкіметі бүкіл Қытайды білдіретін жалғыз заңды үкімет, ал Тайуан Қытай аумағының ажырамас бөлігі екенін растайды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін президент Тоқаевтың өзі «Екі Қытай» болмауы керек деген болатын.

«Бұл мәселе әлемдегі барлық адамға түсінікті болуы керек деп санаймыз. «Екі Қытай» болмауы керек. Тайуан - Қытайдың бір бөлігі. Барлық мемлекетің аумақтық тұтастығы қағидаты Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысында бекітілген, оны сақтау қажет. Бұл қағида Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Декларациясы мен Жарғысына да енгізілген. Сондықтан мен тағы да баса айтамын, бұл бізге анық түсінікті: Тайуан - Қытайдың бір бөлігі. Бұл туралы ешқандай күмән жоқ», - деді Тоқаев Қытайдың CCTV телеарнасына берген сұхбатында.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар