Әскери жаттығу: Бес елдің әскері қазақ жерінде бас қосады...

Қазақстан 2024 жылға арналған негізгі әскери басымдықтарды белгіледі.

1705397811874503.jpg

«Негізгі күш-жігер жауынгерлік даярлық пен әскерлердің жауынгерлік әзірлігінің сапасын арттыруға, әскери оқытылған резерв үлесін ұлғайтуға және ведомствоаралық үйлестіруді жақсартуға бағытталуы тиіс», - деп есептейді Қазақстанның қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.

Оның айтуынша, сондай-ақ отандық қорғаныс өнеркәсібін, ұлттық өндірістік және жөндеу базаларын дамытуға назар аударылатын болады.

2024 жылы 160 мыңнан астам жедел және 70 мыңнан астам жауынгерлік даярлық іс-шаралары жоспарланған.

Қазақстандық әскери қызметшілер 35 халықаралық тактикалық жаттығуға қатысады, оның 6-ауы Қазақстанда өтеді.

Биыл Қазақстан бес мемлекеттің қатысуымен ауқымды оқу-жаттығу өткізеді.

«Біз үшін Орталық Азия өңірінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндетті орындау мақсатында бауырлас халықтар мен қарулы күштер арасындағы достық қарым-қатынастарды сақтау өте маңызды», - деді Жақсылықов.

Ең маңыздысы: ӘТК, ӘӘК, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Арнайы операциялар күштерінің және Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскери контингенттерінің қатысуымен өткізілетін «Бірлестік» әскери оқу-жаттығуы.

Қазақстанда әскери қызметшілердің 33 жарысы өтеді. Армия спортшылары 17 халықаралық жарысқа қатысады.

Еске салайық, 2024 жылы Қазақстан ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға төрағалық етеді, оның аясында түрлі әскери оқу-жаттығулар жоспарланған.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар