Ресейдегі «Z пропаганда» ойбайға басты: Қазақтар орыс тілін қысып жатыр...

Ресейдегі «Z пропаганданың» басты қаруы – «орыс тілі мен орыс тілділерге қысым жасалып жатыр» деген айқай-шу.

1705406102871320.jpg

Бұрын Балтық елдері басты орында тұрса, енді олар ОА елдеріне ауыстыра бастады. Әсіресе қазақ елі.

Осы жолғы дауды танымал ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки туындатты. Ол Қазақстандағы теміржол станцияларының атауларын өзгертуді орыс тіліне қысым көрсету ретінде қабылдап, өзінің «Telegram-арнасында»: «Қазақстанның Көлік министрлігі орыс атауларын қазақ атауына ауыстыру үшін бірнеше темір жол станциясының атауын ауыстырып жатыр. Осылайша, «Уральск» станциясын «Орал», «Узень» тснциясын «Жаңаөзен» деп атау ұсынылуда.

Қазақстанда мемлекеттік деңгейде орыс тілін ығыстыру баяу жалғастырылуда. Балтық елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, бұл өте қауіпті үрдіс. Мұнда да бәрі осылай кішкенеден басталып, кейін арты нағыз топанға айналды: Орыс мектептерін жауып, кеңестік ескерткіштерді жинап, орыс тіліне тыйым салып, соңында зейнеткерлерді аязға қуып жіберді», - деп жазды Канделаки.

Бұған журналист Динара Сәтжан қайқайтып тұрып жауап берді.

«Біріншіден, біз Тәуелсіз, егемен мемлекетпіз. Жақсы орыс мақалы бар: «Бөтен шіркеуге өз жарғысымен кірмейді»! Және қай ТЖ-станциясын қалай атауды өзіміз шешейік.

Екіншіден, Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері Кеңес үкіметі жылдарында жоғалтқан ана тілін біртіндеп қайтарып келеді», - деп жауап берді Сәтжан.

Үшіншіден, ол оған біздің еліміздегі орыс тілінің ресми мәртебесін көрсетті. Ал қазақ тілі - Конституцияның 7-бабына сәйкес мемлекеттік. Қазақстандық журналист ТЖ-станцияларының атын өзгертпегенін, бұл олардың қазақ тіліндегі дұрыс аумақтық атауы екенін айтты.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар