Италия сапарында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда «түбегейлі реформалар» жасалады деп жаһанға жария етті. Енді осы туралы тарқата сөз етейік.
(Суреттен Ақорда Telegram арнасынан алынды)
Қазақстан жақын арада ел экономикасын неғұрлым ашық, орнықты және серпінді ететін ауқымды реформаларды бастайды. Мұндай мәлімдемені президент Қасым-Жомарт Тоқаев Римде өткен «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстелінде сөйлеген сөзінде жасады.
«Саяси өзгерістермен қатар біз нарықтық және бәсекеге қабілетті экономикамызды нығайтуды жүзеге асырудамыз, мұны табысқа жету үшін қажетті шарт деп санаймын. Бүгін мен жақын арада Қазақстанда біздің экономикамызды анағұрлым ашық, орнықты және серпінді ететін маңызды реформалар басталатынын сеніммен айта аламын», - деді Тоқаев, Президенттің сөздері оның баспасөз қызметінің хабарламасында келтірілді.
«Біздің мақсатымыз - Қазақстанда бизнес жүргізудің стандарттарын, ережелері мен практикасын ЭЫДҰ деңгейіне жеткізу. Біз ең жоғары әлемдік стандарттарға жауап беретін инвестициялық ахуал жасауға тырысамыз», - деп атап өтті Қазақстан Президенті.
«Өткен жылы біз экономикалық өсімді 5,1% деңгейінде тіркедік, бұл болжанған әлемдік көрсеткіштен 2 есе артық. Орта мерзімді перспективада біз өз алдымызға 2029 жылға қарай экономика көлемін екі есеге арттыруға мүмкіндік беретін 6-7% -ға өсуге қол жеткізуді стратегиялық мақсат етіп қойып отырмыз», - деді Тоқаев.
Жақын арада Қазақстанда ел экономикасын неғұрлым ашық, орнықты және серпінді ететін ауқымды реформаларды басталады. Ескі Қазақстанмен қошастатын сәт туды.
Mezgil.kz