100% өлімге әкеледі: Қытай сұмдық вирусты сынақтан өткізді

Бейжің химия-технологиялық университеті мен ғылыми-зерттеу орталығы Қытайдың клиникалық медицина орталығында жүз пайыз өлімге әкелетін коронавирустың GX_P2V деп аталатын штаммын жасап шықты. Бұл туралы алғашқы ақпараттар Daily Mail ақпарат агенттігінде пайда болды.


В Китае приостановят автобусное сообщение между провинциями для борьбы с  коронавирусом

 

Жаңа штамм GX/2017 вирусы базасында жасалған. GX/2017 вирусы алғаш рет панголиндерден (сауытты сүтқоректілер отрядына жататын жануар) осыдан бірнеше жыл бұрын Малайзияда анықталған еді.

 

Ғалымдар жаңа штаммның қауіптілігін анықтау үшін жүздеген тышқанға сынақ жасаған. Тышқандарға адам гені енгізілген, бұл вирустың жасушаларға енуін жеңілдетеді. Вирус егілген кеміргіштердің барлығы дерлік 6-8 күн ішінде өліп қалған. Вирустың әсерінен тышқандардың өкпесі, тыныс алу жолдары, сүйек жабындысы, көз және қан тамырлары толық зақымданған. GX_P2V организмде өте жылдам негізде тарайтыны анықталды.

 

Қытай ғалымдарының зерттеу жұмысын өзге ғалымдар қатаң сынға алуда. Инфекциялық аурулар сарапшысы, профессор Франсуа Баллу «бұл сынақтар адамзат үшін пайдасыз, қауіпті әрі түкке керексіз» деп пікір білдірді. Канададағы Ратгерс университетінің профессоры, химик Ричард Эбрайт те «бұл өте қауіпті сынақ және оны жасаудың қажеттілігін түсіне алмадым» дейді. Сарапшылар Қытайдағы зертханалардың қауіпсіздік деңгейіне де алаңдаулы. Сарапшы Эбрайттың пікірінше Уханьдағы зерттеулер қауіпті вирустың сыртқа шығып, әлемдік пандемияға ұласуы соның айғағы деген ойда.

 

Коронавирус бойынша да Батыстық БАҚ беттерінде соңғы аптада шулы бірнеше мақала шықты. The Wall Street Journal Қытай билігі коронавирустың шығуын Қытайдағы пандемия басталмастан бірнеше апта бұрын білгенін жазды. Бейжің ол сәтте коронавирус екенін нақты білсе де, ақпарат көздеріне «белгісіз демікпе тарауда» деп ақпарат берген және коронавирус алғаш тараған Хуананьдағы теңіз өнімдерін сату базары бірнеше апта бойы жұмыс істеп тұрған.

 

WSJ-дің мәліметінше Қытай коронавирустың қауіптілігі жайлы толық зерттеу нәтижесін ДДСҰ-мен тек 2020 жылдың 11-қаңтарында бөліскен. Алайда Бейжің вирус жайлы толық зерттеу нәтижесін оған дейін алып үлгерген дейді мақала авторлары.

 

South China Morning Post ақпараттық агенттігі COVID-19-дың Қытайда алғашқы ресми анықталған күні 2019 жылдың 17 қаңтары екенін жазды. 2019 жылдың желтоқсанында Уханьда кемі 180 адам коронавирус жұқтырып үлгерген, ал Қытай «белгісіз демікпе тарауда» деген ақпаратты 2019 жылдың 31-желтоқсанында ғана жариялады. Қытай билігі коронавирусқа қатысты ақпараттарды әлі күнге дейін нақтылаудан қашқақтап келеді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар