Өртенген газ қоймасы: Украина тактикасын өзгертті

Украина әскері Ресейдің аумағына бірнеше шабуыл жасады. Соңғы аптадағы шабуылдар Ресейдің әскери нысандарына емес, энергетикалық нысандарына бағытталды. Шабуылдар негізінен оккупациядағы аймаққа емес, Ресейдің ішкері облыстарына жасалды және Батыс сарапшылары Украинаның бұл әрекетін «жаңа тактика» деп атады.  


В Капотне загорелся нефтеперерабатывающий завод — РБК

 

Сенбі күні Украина дрондары Ресейдің Ленинград облысындағы Усть-Луга ауылындағы газ қоймасын соққылады. Ірі порттың бойындағы орналасқан газ қоймаларын сөндіру бір күннен астам уақытты алды. Қойма тек Ресейдегі ғана емес, әлемдегі ірі газ қоймаларының меншік иесі болып саналатын «Новатэк» компаниясына тиесілі еді.

 

Газ қоймасына екі дрон соғылған. Бір газ толы қойма толық отқа оранса, екі қойма жартылай жанып кетті. О баста қоймадағы өрт техникалық ақау салдарынан болді деген ақпаратты таратты. Алайда Петербург тұрғындары газ қоймасы орналасқан Усть-Луга ауылына бет алған дрондардың видеосын жариялағаннан кейін, Ресей билігі шабуыл болғанын растады. Ресейдің қорғаныс министрлігі шабуылға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

 

Украина Барлау қызметі Ленинград облысындағы қойма Ресей үшін маңызды нысан екенін, ондағы жанармай Ресейдің әскеріне де жеткізілетінін айтып, шабуылды растағандай болды. Дей-тұра «шабуылды Украина іске асырды» деген нақты мойындау ақпараты жария етілмеді.

 

Усть-Луга порты Ресейдің энергетика тасымалындағы маңызды торап саналады. Порт маңында мұнай өнімдерін өңдеу зауыты мен жөнелтуші танкерлер, ірі қойма бар. 2023 жылы «Новатэк» компаниясы аталмыш қоймада 7 млн тонна газ бен мұнай өнімдерін сақтаған. Дәл осы порт маңындағы қоймада «Новатэк» компаниясы көлемді негізде мұнай және газ қорын сақтап келеді, оның үлесі компания өнімінің 40 пайызын құрайды.

 

Украина шекарасы мен қойма арасындағы қашықтық 900 шақырымды құрайды. Бұл Украина дронының Ресейдің солтүстігіне ең ұзақ қашықтыққа ұшып, жасаған ең ірі шабуылы саналады. Бұған дейін украин сарбаздары Ресейдің солтүстіктегіндегі «Псков әуежайына» шабуыл жасап, Ил-76 ұшақтарын отқа ораған болатын. Ол Украина шекарасынан 700 шақырым аумақта орналасқан еді.

 

Украина тактикасын өзгертті дейді әскери сарапшылар. Ендігі таңда әуе қорғаныс жүйесі көп оккупациядағы Қырым мен Донбассты атқылаудың орнына әуе қорғаныс жүйесі аз, нашар қорғалған Ресейдің аймақтарын және ондағы энергетикалық нысандар мен әскери нысандарды шабуылдауда. Бұл тактика Ресейдің соғыс алаңынан бірқатар әуе қорғаныс жүйесін қайта әкетуіне әсер етуі ықтимал деген жорамал бар.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар