Газадағы соғыс: "Израиль үшін ауыр күн"

Сейсенбі күні Израиль әскері Газа аймағында 24 сарбазының қаза тапқанын ресми мәлімдеді. ЦАХАЛ «бұл соғыс басталған сәттен бері болған бір күндік ең үлкен шығын» деп атады. 


Россияне в плену ХАМАС и полная блокада сектора Газа. Третий день войны в  Израиле - Газета.Ru

 

Ақпарат көздері Израильдің 21 сарбазы ЦАХАЛ-дың Газадағы ғимараттарды жаруға арналған минасына түсіп, жарылыс болғанын айтуда. Ал тағы бір дереккөздер ХАМАС тарапының шабуылынан екі ғимарат опырылып, сарбаздардың үйінді астында қалғанын жазды.

 

ЦАХАЛ адмиралы Даниэль Хагари «біз сарбаздардың қаза табуы мен жарылыстың себептерін нақты тексеріп жатырмыз» деп мәлімдеді. Израиль қорғаныс министрлігі сарбаздар екі ғимараттағы жарылыста қаза тапқанын растап, жарылғышты Израиль әскері орнатқанын, ал сарбаздар қауіпсіз аймаққа кетіп үлгермегенін айтты. Тағы үш сарбаз қаладағы ұрыста оққа ұшқаны жайлы мәлімделді.

 

Израиль президенті Ицхак Херцог «бұл Израиль үшін ауыр күн» десе,  Қорғаныс министрі Йоав Галант «сарбаздардың қазасы бізді істі соңына дейін жеткізуге жетелейді» деп жазды.

 

Қазіргі уақытта Израиль әскері мен ХАМАС жасақтары арасындағы ұрыс қимылдары Газадағы Хан-Жүніс қаласында өтіп жатыр. Израиль қаланы толық қоршауға алғанын айтса, ХАМАС бұл ақпаратты жоққа шығарды.

 

БҰҰ Газадағы жағдайдың өте қиын фазаға көшкенін айтып, ұрыс қимылдарын дереу тоқтатуға шақырды. Қазіргі уақытта Израиль әскері Газаның солтүстігінен оңтүстігіне өтуде. Ұрыс қимылдары босқындар қоныстанған Рафах маңына да жақындап келеді. Салдарынан Мысыр-Газа шекарасына топтасқан халықтың саны күн санап артуда.

 

Халықаралық ұйымдар Газадағы 2 млнға жуық халыққа азық-түлік, дәрі-дәрмек жетіспей жатқанын айтып, дабыл қағуда. ДДСҰ «соғыс қимылдарына қарағанда аурудан, түрлі жұқпалы індеттен көз жұматын газалықтар саны әлдеқайда көп болады» деп болжам жасады. Қазіргі уақытта Газа халқының 40 пайызға жуығы күніне бір мәрте ғана тамақтануға мәжбүр.

 

Израильде Нетаньяху билігіне деген наразылық артып келеді. ХАМАС қолында тұтқында отырғандардың жақындары тұтқындарды босату үшін келісім жасалуын талап етуде. Қазіргі сәтте ХАМАС-тың қолында Израильдің 105 азаматы тұтқында отыр. 7-қазаннан бері тұтқындағы Израильдің 28 азаматы түрлі жағдайда көз жұмған.

 

ХАМАС пен Израиль тұтқын алмасу бойынша келіссөздерді жалғастыруда. Мысыр, Катар және саяси гарант ретінде Иордания келіссөздерге қатысуда. ХАМАС тұтқындарды тек қана соғысты толық тоқтату шартымен босататынын айтса, Израиль бір-екі айға ұрыс қимылдарын тоқтату шартын ұсынуда. Соғыстың жалғасып жатқанынан үш айдан асты. Израиль 1500-ге жуық адамының қаза тапқанын растаса, Палестина тарапы Газада 26 мыңға жуық адам опат болды дейді. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар