Қырғызстан президенті Садыр Жапаров екінші мерзімге сайланады. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Алагозов мәлімдеді.
«Ұзақмерзімді, стратегиялық маңызды халықаралық жобалардың басталғанын ескере отырып, жаңалары жоспарлануда, Жапаровтың келесі сайлауға қатысуы саясатта жүйелі қадам болады», - деп хабарлады ол.
Қазіргі президент сайлауға қатысатыны туралы жақында ҚР Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Эдиль Байсалов та мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы келесі сайлауға қатысады. Конституция бұған жол береді. Садыр Жапаров мұны жарты жолда қалдырмайды. Біздің халық та бұған жол бермейді. Ол алдағы үш жылда көптеген жетістіктерге куә болады. Әрбір отбасы, жас ұрпақ үшін барлық мүмкіндіктер жасалады. Сайлау туралы ойлау әлі ерте, бірақ толық сенім бар. Халық қазіргі билікті қолдайды. Ол жақсы өзгерістерді сезінеді, үлкен үміт артады. Қазіргі биліктің міндеті - бұл сенімді ақтау», - деп атап өтті Байсалов.
Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаев президент болып сайланды.
2023 жылы 9 шілдеде Өзбекстанда кезектен тыс президенттік сайлау басталып, Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның президенті атанды
Түрікменстанда кезектен тыс президенттік сайлау 2022жылдың 12 наурызы күні өтіп, Сердар Гурбангулыұлы Бердімұхамедов Түркіменстан президенті болып сайланды.
Тәжікстанда президенттік сайлау 11 қазан 2020 жыл өтіп, президент Эмомали Рахмон бесінші рет билік тізгінін ұстады.
Билікке төңкеріс жолымен келген Қырғыз президенті Садыр Жапаров та екінші кезекті жорыққа дайындалып жатқаны ресми түрде белгілі болды.
Mezgil.kz