Грузиядағы билік алмасу: Ресейге жерін берген Гүржі енді төрін бере ме?

1 ақпанда Грузиядағы билеуші «Гүржі арманы» партиясының төрағасы ауысты. Екі Ираклий - Гарибашвили мен Кобахидзе қызмет ауыстырды.

1706864126869542.jpg

Біріншісі үкімет басшысы болды, екіншісі «армандаушылардың» көшбасшысы болды. Бірі партиялық басшы ретінде премьерлік креслоға ауысты. Бұл өзгерістерді жақында бұқаралық саясатқа қайта оралған миллиардер және «Гүржі арманының» негізін қалаушы Бидзина Иванишвили бастады. Ол алдағы уақытта да билік тетіктерін қолдан шығармау үшін өз партиясының күзгі парламенттік сайлаудағы жеңісіне батыл қадам жасауда.

Билеуші партияның кезектен тыс съезі шамамен 20 минутқа созылды. Журналистер съездің құрметті төрағасы және «Гүржі арманы» партиясының негізін қалаушы Бидзина Иванишвилидің сөз сөйлейтінін болжаған. Миллиардер өзіне тиесілі қонақ үйге келді, бірақ сөз сөйлемеді. Ал журналистермен әңгімелескен экс-премьер 29 қаңтарда орнынан түсуін: «Гүржі арманы» - демократиялық партия», - деп түсіндірді.

Съезде сөйлеген сөзінде министрлер кабинетінің жаңа басшысының атын атаудың алдында Ираклий Гарибашвили партияға және оның негізін қалаушыға құрмет көрсетті. Экс-премьердің айтуынша, егер Бидзин Иванишвили 2011 жылы саясатқа кірмесе, «Гүржі арманын» негізге алмаса және 2012 жылғы парламенттік сайлауда «Михаил Саакашвилидің диктаторлық, халықты қысымға түсіретін режимін» жеңіп алмаса (өз сөзі бойынша), қазір геосаяси жағдайды, соның ішінде Украина төңірегінде болып жатқан жағдайды ескере отырып, «Грузия соғысқа тартылған болар еді».

«Ротация өте маңызды және басқа көшбасшыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік беру қажет», - деп атап өтті үкіметтің бұрынғы төрағасы.

Ал министрлер кабинетінің құрамына келетін болсақ, съезден кейін Ираклий Кобахидзе хабарлағандай, онда тек бір ғана министр - Қорғаныс министрі Джуаншер Бурчуладзе ауысты. Кобахидзе мырзаның айтуынша, ол «өзінің қызметін басқа салада жалғастырғысы келді». Кейінірек Джуаншер Бурчуладзенің Грузияның НАТО жанындағы тұрақты өкілі болатыны белгілі болды, ал әскери ведомствоның басшысын кәсіби дипломат Ираклий Чиковани алмастырды.

Парламент жаңа премьер пен оның үкіметіне алдағы аптаның соңына дейін дауыс береді. Оппозиция «Біртұтас ұлттық қозғалыс» атынан «ресейлік олигарх Иванишвилидің кезекті спектакліне бойкот жариялаған».

Саясаттанушы Васо Капанадзе: «Премьер-министрдің қызметінен кетуі және оның қызметін партия төрағасы атқаруы өте қызық. Көптеген сұрақтар туындайды, өйткені олардың жаңа лауазымдарда қалай әрекет ететіні және мұндай өзгерістер билеуші партия жұмысының тиімділігін қаншалықты қамтамасыз ететіні белгісіз», - дейді.

БАҚ премьер-министрдің соңынан бірнеше үкімет мүшелері - СІМ, әділет, денсаулық сақтау, қорғаныс және мәдениет басшылары, сондай-ақ Грузияның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің басшысы ауысатынын айтады. Қорғаныс министрі лауазымына Грузия парламентінің вице-спикері Ираклий Чикованидің кандидатурасы қаралуда.

Конституцияға сәйкес, Грузия премьер-министрінің орнынан түсуінен кейін бүкіл үкімет кетуі тиіс. Министрлер кабинетінің мүшелері парламент жаңа үкіметпен және үкіметтік бағдарламамен жаңа премьерді бекіткенге дейін міндетін атқаратын болады.

Бір ай бұрын, 2023 жылдың 30 желтоқсанында, Бидзина Иванишвили саясатқа қайта оралып, өзі негізін қалаған «Гүржі арманының» құрметті төрағасы лауазымына кіргенде, үкімет пен партиядағы алдағы өзгерістерді мүлдем жоққа шығарды.

«Гүржі арманы» Грузиядағы билеуші партияға айналды және қоғамда һәм жаһандық саяси кеңістікте бұл партияны Ресейшіл партия деп сипаттайды.

Айым Нұрқалиева

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар