Қолбасшы Залужный: Соғыстың жаңа стратегиясын ұсынып отырмын!

Украина Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Валерий Залужный соғысты жүргізу стратегиясына қатысты үлкен сараптамалық мақала жазды. Ол Украина Ресейге қарсы жаңа стратегияға көшу керектігін айтты. Залужныйдың көзқарасы Украина қарулы күштерінің сайты мен CNN телеарнасының сайтында қысқаша тезисті негізде жарияланды. Бұл мақала «Залужныйды орнынан алуы мүмкін» деген ақпараттар көбейдген сәтте жарияланып отыр. 


Валерий Залужный – что известно о Главнокомандующем ВСУ, биография и  интересные факты | РБК Украина

Залужный қазіргі сәтте Ресейге қарсы соғыста санға емес, технологиялық жаңашылдыққа мән бере отырып, ұрыс даласындағы жағдайды өзгерте алатынын айтқан. Соның ішінде түрлі типтегі дрондарға мән беру керектігіне тоқталған.

 

Қолбасшы дрондар Украинаны позициялық соғыстан алшақтатып, шабуылдарды тиімді етуге негіз болатынына сенімді. Сонымен бірге Залужный тікелей эфирде ұрыс даласын бақылауға мүмкіндік беретін барлау дрондары мен сол дрондар ақпараты арқылы нақты соққы жасайтын зымырандар тандемі маңызды екенін атап өтті.

 

Бас Қолбасшы жаңа стратегия ескі стратегиядан толық бас тартып, стереотиптерді жоюға бағытталған дейді. Ол Украина әскері мен қоғамы қарсыластың мобилизациялық мүмкіндігін ескере отырып соғысуды үйренуі қажет. Генерал Украина әскері үшін әуе кеңістігін бақылауға алу маңызды, бұл тек қана авиация емес, сонымен бірге сан мыңдаған дрондармен бірге іске асады дейді.

 

Залужный қазіргі сәттегі Украина әскерінің басты қиындықтарын да атады. Олар келесідей:

-        Әлемдегі тұрақсыздықтың артуы. Бұл Украинаға берілетін көмекті азайтып, Украина соғысын халықаралық деңгейде маңызды позициядан төмен түсіруі мүмкін.

-        Украина соғысынан әлем мен Украинаны қолдаушы елдердің назарын басқа жаққа аудару үшін, Ресейдің басқа бір аймақта соғыс отын тұтату қаупінің артуы.

-        Әлемдегі күкірт тапшылығының артуы. Бұл Украинаға қажетті зымыран және артиллерия снарядының азаюына әкеледі. Сонымен бірге Батыс серіктестерінің қорында зымыран қоры азаюда, бұл жағдайды қиындата түсуде.

-        Ресейге салынған санкциялар қажетті нәтижеге әкелмеді. Салдарынан Ресей мен оның одақтастары позициялық соғысты ұзақ уақыт бойы жүргізуге мүмкіндік беретін қаруды өндіруге әлі де қабілетті болып отыр.

-        Ресейдің мобилизациялық мүмкіндігінің Украинадан бірнеше есе көп болуы және Украинаның қоғамдық қысымды ескеріп, мобилизацияны күшейтпеуі.

-        Украинаның оқ-дәрі өндірісін толық жолға қоя алмауы. Бұл ішкі ресурстан бөлек құжаттық-заңнамалық кедергілерге де байланысты болып отыр.

 

Қолбасшы Залужный 2024 жылды Украина үшін оңайға соқпайтынын айтуда. Сол үшін соғыс стратегиясын дереу арада өзгерту керек деген пікірде.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар