118 млрд доллардың заңы: АҚШ-тан Киевке көмек келе ме?

АҚШ сенаторлары көптен бері талқы болған Украинаға көмек беру, Израильді қаржыландыру және АҚШ шекарасын мығым етуге қатысты екі партиялық заң жобасын келісті. Оның құны 118 млрд долларды құрайды және енді Конгресстің келісуіне жіберілуі тиіс.


Выборы в США. На что может повлиять «красный конгресс» — РБК

 

АҚШ президенті Джо Байден бұл заңды қолдап, Конгресстен жылдам арада оны мақұлдауды сұрады. Заңды қолдауға қатысты алғашқы дауыс беру аптаның ортасында басталмақ. 7-ақпан күні заңға қатысты Конгресстегі талқы іске асады. Алайда қазірдің өзінде көпшілігін республикандықтар құрайтын Өкілдер Палатасында қарсылық болатыны белгілі болды. Өкілдер Палатасының спикері Майк Джонсон заңды өткізбей, оны бұғаттауға сөз берді.

 

АҚШ сенаторлары аталмыш заң жобасын 2023 жылдың қазанынан бері келісе алмауда. Демократтар мен республикандықтар АҚШ пен Мексика шекарасын күшейту және иммиграциялық саясатты қатаңдатуға қатысты екі түрлі көзқараста. Республикандықтар Украинаға көмек беру үшін ең алдымен шекаралық мәселені реттеу керектігін айтып, Киевке берілуі тиіс көмекті бұғаттап келеді.  

 

Қазіргі уақытта Конгресске жіберілген заң жобасындағы көрсетілген қаржы 118 млрд долларды құрайды. Оның ішінде сенаторлар 60,06 млрд долларды Украинаға көмекке жіберуге, 14,1 млрд долларды Израильге көмекке жіберуге, 20,23 млрд долларды Мексикамен шекаралас аймақты күшейтуге, 4,83 млрд долларды АҚШ-тың Үнді және Тынық мұхиттағы серіктестерін қолдауға, 2,44 млрд долларды АҚШ-тың Орталық әскери басқару штабына, 2,44 долларды Қызыл теңіздегі операцияларды іске асыруға жұмсау керектігін көрсеткен.  

 

Сенаттағы демократтардың көшбасшысы Чак Шумер «бұл мүдделерді ысырып тастауға болмайды және бұл саясаттан әлдеқайда жоғары тұратын міндеттер» деп атады. Оның сөзін Сенаттағы республикандықтар көшбасшысы Митч МакКоннелл қолдап, «бұдан тиімді келісімге қол жеткізуіміз екіталай» деп пікір білдірді.

 

Алайда заңға республикандықтар арасында Трампты жақтайтындар ашық қарсылық көрсетуде. Трамп қазірдің өзінде бұл заңды өткізбей, қай деңгейде болса да бұғаттауға шақыруда. «Дональд Трамп кандидат ретінде шекаралық келісімді қабылдамай, алдағы сайлауда Байденді осы мәселе бойынша тұқыртуды ойлауда» дейді сарапшылар.

 

Сарапшылар ұсынылған заңды республикандықтар тарапынан Конгрессте бұғаттап тастау мүмкіндігі жоғары екенін айтуда және қазіргі заңды қайта қарап, түзету енгізуге жөнелту ықтималдылығы көп дейді. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар