Смайылов Үкіметі отставкаға кетті. Келесі Премьер-министр кім болады?

1707128875507408.jpg

Коллаж суреттері primeminister.kz сайтынан алынды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайылов бастаған Үкіметті отставкаға жіберді. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Онда:  «Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - деп жазылған.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар