Ресейліктерде енді Надеждинге "надежда" жоқ...

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы «Азаматтық бастама» атынан кандидат болып президенттік додаға қатысып жатқан Борис Надеждинді қолдаудың 9147 қолын жарамсыз деп тапты. Жалпы жиналған 200 мың қолдың 60 мыңын тексерген. Осылайша Надеждинді қолдау парақтарында заң бойынша рұқсат етілетін 5 пайыз жарамсыз қолдар саны әлдеқайда көп болып шықты. Бұл Ресей ОСК мәлімдемесі.


Розы от диктатора. Который "не вечен"

 

Қолдарды тексеру барысында тізімде тиісті азаматтардың жоқтығы, ІІМ тарапынан алынған жауап бойынша 858 адамның қол қою рұқсатының болмауы, өмірден өткен адамдардың қол қоюы және дауыс беру жасына жетпегендердің қол қоюы жиі кездесті дейді ОСК.  

 

Осылайша ОСК кандидатты президенттік сайлауға жібермеу туралы шешім шығармақ. Надеждин бұл ақпаратпен келіспей, шешімге қатысты Жоғары Сотқа шағымданатынын айтты. «Мен Ресей бойынша 200 мыңнан астам қолдау қолын жинадым. Біз қол жинау процесін өзгелер сияқты емес, ашық және шынайы өткіздік. Біздің штабтарымыздың алдында мыңдаған адам ұзын-сонар кезекте тұрғанына әлем куә. 2024 жылы президенттік сайлауға түсу менің өмірімдегі ең маңызды шешім дей аламын. Мен өз мақсатымнан бас тартпаймын», - дейді ол.  

 

Надеждин: «Әлеуметтік сауалнамаға назар аударсақ Путиннен кейін мені қолдайтындар саны көп екенін көруге болады. Ондаған миллион адам маған дауыс бергісі келеді. Ал сіздер маған жарамсыз қолдар, өмірден өткендер қол қойған дейсіңдер. Бұл заң бойынша қателік екенін білемін. Әрине біз бұл шешіммен келіспейміз және барлық жерге шағым түсіреміз», - дейді кандидат.  

 

Ресейдің ОСК сарапшылары кандидат Сергей Малинковичті де сайлауға өткізбеу туралы шешім қабылдады. Оның да қолдары жарамсыз екені анықталған. Малинкович ОСК шешімімен келісетінін айтып, шағым түсірмейтінін жазды.

 

Осылайша әзірге ОСК сайлауға 4 кандидатты өткізген. Олардың ішінде КПРФ-тан Николай Харитонов, ЛДПР басшысы Леонид Слуцкий, «Новые люди» тобының өкілі Владислав Даванков пен Ресейдің қазіргі президенті Владимир Путин бар.

 

Надеждин антисоғыстық ұранмен шыққан кандидат саналады. Ол президент болса, ең алдымен Украинаға келісім ұсынатынын айтты. Сонымен бірге ол барлық саяси тұтқындарды босатуды талап етумен келеді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар