Трамп: Ресей басып кірсе де маған бәрібір!

АҚШ-тағы президенттік сайлауға кандидат ретінде түсіп жатқан Дональд Трамп тағы да әлемді дүр сілкіндіретін мәлімдеме жасады. Ол АҚШ-тың НАТО-дағы өзге одақтастарына қарағанда қорғаныс саласына қаржыны көбірек бөлетініне наразы. Мысалы 2023 жылы НАТО жариялаған статистикаға назар аударсақ АҚШ-тың әскери салаға бөлгені ЖІӨ-ның 3,49%-на тең. Ал Ұлыбритания 2,07%, Германия, Франция, Италия мен Испания 2%-дан төмен қаржы бөлген. Бұл статистиканы алға тартқан Трамп «барлық ел тең негізде қаржы бөлуі тиіс» деп мәлімдеді.


Трамп приветствовал провал в Сенате законопроекта о миграции и помощи  Украине | За рубежом | ERR

 

«НАТО мен келгенше банкрот еді. Мен оларға «барлығың төлейсіңдер» дедім. Олар «ал төлемесек ше, онда сіздер бізді қорғайсыздар ма» деп сұрады. Мен «әлбетте жоқ» дедім», - дейді Трамп Оңтүстік Каролинада өткен жақтастарымен кездесу митингісінде. Ол сонымен бірге «қаржы төлемеген елдерге тіпті Ресей шабуыл жасаса да құп көрер едім» деді.

 

НАТО-ның жарғысына сәйкес әр ел өзінің қорғаныс саласына ЖІӨ-ның 2%-дан кем емес бөлігін жұмсауы тиіс. Алайда қазіргі сәтте НАТО-ға мүше 31 елдің біразы бұл талапты іске асыра алмауда. Трамп жарғыдағы талаптың орындалуын талап етумен келеді.

 

Трамптың бұл сөздерін АҚШ билігі мен НАТО-дағы өзге одақтастары қатаң сынға алуда. Ақ үй: «Трамптың бұл сөздері нағыз масқара. Ол осы мәлімдемесі арқылы қанқұйлы режимдердің біздің одақтастарымызға басып кіруін қолдайтынын білдіреді», - деді.

 

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг болса НАТО-ның қандай да бір еліне шабуыл жасалса дереу агрессор тарапқа қатаң жауап болатынын айтты, ал Трамптың сөздерін «одақтастық рухына сай емес» деп бағалады.

 

Сарапшылар «Трамп осындай мәлімдемелер жасау арқылы БАҚ беттеріндегі басты тақырыпқа айналғысы келеді» дейді. Еуропа елдері Трамптың мәлімдемелері НАТО үшін қауіпті екенін де ескеру керектігін айтуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар