Тағы шиеленіс, тағы атыс-шабыс...

Армения мен Әзербайжан арасында тағы да шиеленіс артып, қарулы қақтығыс болды. Баку Ереван әскери арандату әрекеттерін жасады деп айыптады, ал Ереван аталмыш ақпаратты жоққа шығарып, кінәні Бакуге артты.  


Азербайджан и Армения воюют за Нагорный Карабах. Как начался этот конфликт?  - Аналитический интернет-журнал Власть

 

12-ақпан күні кешкі сағат 21:00 шамасында Әзербайжан ақпарат көздері армян сарбаздары Коханаби ауылы маңындағы Әзербайжан әскеріне оқ жаудырып, бір шекарашының ауыр жараланғанын жазды. Ақпарат көздері оқ Армения жеріндегі ЕО бақылаушылары орналасқан аумақтан атылғанын айтты.

 

Армения 13-ақпан күні таң қылаң бере Әзербайжан әскері Неркин Ханд ауылының маңында армян шекарашыларына оқ жаудырғанын айтты. Армения БАҚ-тары 4 армян сарбазының қаза тауып, біреуі ауыр жараланғанын жазуда.

 

Баку мен Ереван өзара бейбіт келісім жасауға тырысуда. Алайда бейбіт келісімге әлі күнге дейін қол қойылмады. Армения премьері Пашинян келісімге қол қойылмаудың себебі Бакуде жатыр десе, Баку керісінше Арменияны айыптап келеді.

 

Пашинян тек қана «бейбіт келісім» емес, сонымен бірге «өзара шабуыл жасаспау туралы пактіге» қол қоюға шақыруда. Бұл тараптар арасындағы ұрыс қимылдарын болдырмаудың бір жолы дейді ол. Сонымен бірге Ереван екі мемлекет өзара бір-бірінің қарулы күштерін бақылайтын келісім жасауы тиіс деп санайды.

 

Армения мен Әзербайжан тарапы қазіргі сәтте бейбіт келісімге қол қою және шекараны бөлісу бойынша пікірталас жүргізуде. Тараптар шекараны бекітуді екі түрі картаға қарап бөлуді ұсынып, келісе алмауда. 1-ақпан күні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Армениямен бейбіт келісім жасалу үшін, Армения тарапы Конституциясын өзгертіп, Ата Заңындағы Қарабақты Арменияға қосу туралы бөлігін алып тастауы тиіс деп мәлімдеді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар