Көш басында Қазақстан: Ресейліктерді әлем елдері жаппай жұмысқа шақыруда

Ресей мен Украина соғысы басталған сәттен кейін, шетелдік компаниялар Ресей нарығынан жаппай кете бастады. Бірі өз еркімен, енді бірі санкцияға түспеу мақсатында кетті. Артынша жүздеген мың түрлі сала мамандары Ресейден мобилизацияға байланысты кетуге шешім қабылдады. Бұл Ресей нарығындағы кәсіби мамандардың санын азайтып, кадр тапшылығына әкелді. Ендігі таңда бұл процесс тіпті қарқын алады дейді мамандар. Себебі ресейлік мамандарды өзге елге жұмысқа шақыру артқан.


Россиян стали намного чаще приглашать на работу за границу – Беларусь в  числе лидеров

 

2023 жылы жалпы 516 мың ресейлік түрлі сала мамандарына шетелден жұмыс істеуге шақырту келген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 38%-ға көп дейді Headhunter.

 

Ақпарат көздері ресейлік мамандарды ең көп жұмысқа шақырту Қазақстаннан келгенін жазды. Қазақстаннан 142,7 мың шақырту келіп түскен. Артынша Беларусь елі тұр, олардың саны 106,3 мың, үшінші орында Грузия тұр. Бұл елден ресейлік мамандарға 84,1 мың жұмысқа шақырту келіп түскен. Сонымен бірге бұрын көп шақырта бермейтін мемлекеттерден де ресейліктерге жұмысқа шақырту ұсыныстары болған. Мысалы Түркіменстаннан 301 шақырту, Аргентинадан 744 шақырту, АҚШ-тан 18,9 мың шақырту, Ұлыбританиядан 1,2 мың шақырту, Грекиядан 206 шақырту, Румяниядан 110 шақырту болған. Ресейліктерді жұмысқа шақыру Оңтүстік Корея, Африка, Таяу Шығыс аймақтары мен елдерінен де келіп түскен.

 

Шақырту саны керісінше азайып кеткен мемлекеттер де бар. Мысалы осыған дейін жылына ондаған немесе жүздеген ресейлік мамандарды жұмысқа шақыратын Швейцария, Конго және Исландия 2023 жылы ресейліктерді мүлде жұмысқа шақырмапты. Бангладеш, Норвегия, Словакия, Нидерланды, Эстония, Вьетнам, Франциядан да шақыртулар еселеп азайған.

 

Көбіне шетелдік компаниялар Ресей жұмыс нарығынан сату менеджерлерін, программистерді, суретшілер мен дизайнерлерді іздейді. Ресейлік компаниялар релокация жасап, басқа ел нарығына кетуде. Олардың көбі жұмысшыларына онлайн жұмыс істеуге тыйым салған, сол себепті өзге елге қоныс аударған компаниялар бұрынғы жұмысшыларына шақыртулар санын арттырған дейді мамандар.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар