Өртенген мыңдаған танк: Ресейде қанша танк қалды?

Ресей әлемдегі ең көп танкке ие мемлекет. Украина соғысына дейін ресми статистикалар солай көрсетті. Бүгінде бұл статистикада Қытай алға шыққан. Алайда Ресей әлі де танкке басымдық бере отырып соғыс тактикасын құруда. IISS сарапшылары Ресей әскері қоймадағы танктерді қолдану арқылы әлі кемі үш жыл соғыс жүргізу қабілетіне ие деп болжайды.


ERR: Экспонировавшийся в центре Таллина танк Т-72 увезли на хранение

 

The International Institute for Strategic Studies (IISS) ақпаратына сенетін болсақ, Ресей Украинаға басып кірген сәттен бері кемі 3000 танкісінен айырылған. Бұл танктердің қорын толтыру үшін Ресейге ондаған жылдар қажет. Арнайы есепті IISS 13-ақпанда жариялады.

 

Украина әскері де өзінде бар барлық танк қорын жоғалтқан. Алайда Батыстық серіктестері Украинаға кеңестік, ресейлік және батыстық үлгідегі танктерді беру арқылы Киевтің танк қорын 90 пайыз қалпына келтірді. Сонымен бірге Украина әскері 2022 жылдың күзіндегі «Харьков операциясында» Ресейдің жүздеген танкін әскери олжа еткен.  

 

IISS есебінше Ресей Украина даласында соңғы үлгідегі танктерін жоғалтып, қоймадағы ескі үлгідегі танктерді шығарып, модернизациялауды жолға қойған. 2023 жылғы ұрыстарда Ресей әскері 1120 танкісінен айырылған. Бұл фото, видео және құжаттық дәлелдемелер арқылы анықталды. Алайда осыған қарамастан Ресей әскері әлі де Украинадан үш есе көп танкті соғысқа қатыстыру мүмкіндігіне ие. IISS сарапшысы Генри Бойдтың сөзінше 2023 жылы Ресей 1000-1500 танкті модернизациялап, кейбірін зауыттан шығарып, соғысқа аттандырды. Аталмыш танктердің 200-і жаңа танктер саналады.

 

Мәскеу 1950 жылғы кезеңнен бергі әскери қоймалардағы танктерді модернизациялап, оларды қалың бронды жабындымен қаптап, ұрыс даласына жіберуде. IISS сарапшылары Мәскеу дәл осы тактиканы қолдану арқылы әлі кемі 3 жыл соғысуға дайын дейді. Ресейдің бейресми одақтастары саналатын Иран мен КХДР Мәскеуге зымыран және артиллериялық снаряд берсе де, танктерді берген емес.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар