Мыңдаған жендет: Ақша іздеп келіп, ажал құшқандар

Ресей Украинадағы соғысқа мыңдаған жалдамалы жендетті қатыстыруда. Бұл 2022 жылдан бері құжаттық, фото және видео форматта да нақтыланған деректер. CNN арнасы Непалдың бұрынғы Сыртқы істер министрі Бималу Рай Паудял мен непальдық депутаттардың ақпаратына сүйене отырып 15 мыңға жуық Непал азаматын Ресей соғысқа үгіттеп, келісімшарт ұсынғанын жазды.


Наемники РФ: Солдаты из Непала воюют с обеих сторон в российско-украинской  войне « Новости | Мобильная версия | Цензор.НЕТ

 

Непал азаматтары Украинада соғысып жатқаны жайлы ақпарат алғаш мәрте шығып отырған жоқ. Бұған дейін Непал полициясы елдегі азаматтарды соғысқа үгіттеген қылмыстық топ мүшелерін ұстаған болатын. Тұтқынға түскен непальдықтардың суреті мен видеосын Украина тарапы да ұдайы жариялап тұрады.

 

CNN тілшілері Непал азаматтары тек Ресей мен Украина соғысы ғана емес, Таяу Шығыстағы және оңтүстік-шығыс Азиядағы бірқатар қарулы қақтығыстарға қатысып жатқанын айтты. Непалдағы әлеуметтік жағдайдың тым ауырлығы, жұмыссыздық пен несиеге батқан халықтың көптігі ел азаматтарын түрлі заңсыз әрекеттерге баруға мәжбүр етуде.

 

France Press агенттігінің жазуынша Непал азаматтары Ресей әскерімен келісім жасау арқылы Украина жерінде бір ай соғысса, Непалда бір жылда табатын қаржыдан әлдеқайда көп ақша табу мүмкіндігіне ие. Ресей тарапында соғысқан жалдамалы жендеттер Украина жерінде 6 айдың ішінде 12-15 мың долларға дейін қаржы табуы мүмкін. Ал Непалдағы орташа табыс көзі айына 150 доллардан аспайды және ол жұмысты табудың өзі оңай емес дейді агенттік.

 

Непальдықтардың Ресей әскері тарапында соғысуға келісім беруінің тағы бір себебі Ресей азаматтығын алу мүмкіндігінің пайда болуымен байланысты. Непал паспорты әлемде бар болғаны 40 елге кіруге мүмкіндік берсе, Ресей паспорты кемі 110 елге кіруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге Ресей азаматтығын алған непальдықтар жұмыс табу мүмкіндігі де артады деп санайды.

 

Сарапшылар Ресей әскері құрамында 15 мың непальдық соғысып жатыр деген ақпарат асыра айтылған дейді. Олар Непалдан келіп, жалдамалы жендет болғандар саны 2 мыңнан аспайды деген пікірде. Жалпы 2023 жылы Ресей аумағына ресми түрде туристік визамен 1050 непальдық кірген. Ал Непал полициясының сөзінше Украина соғысына аттанған непальдықтардың 100-ден астамы із-түссіз жоғалып кеткендер қатарында.

 

BBC-дің зерттеуінше Украина жерінде ресейлік әскер құрамында соғысқан Непал, Ирак, Сирия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Замбия, Куба, Сербия азаматтарының мыңнан астамы қаза тапқан. Олар жалдамалы жендет болып келіп, қомақты қаржы алуға ниетті болған.

 

2023 жылдың желтоқсанында Непал билігі Ресейден қаза тапқан непальдықтардың денесін елге жеткізіп, өтемақы төлеуді талап етті.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар