Кэмерон сонда сөйледі: Біз Путиннен 25 есе күштіміз!

Ұлыбританияның бұрынғы премьері, бүгінде СІМ басшысы Дэвид Кэмерон АҚШ конгрессмендеріне үндеу тастап, Гитлерді қанағаттандыру саясатына ұқсас әрекетті Путинге қатысты қайталау үлкен қателік екенін айтты. Ол Украинаға млрдтаған көмек беру пакетін дереу арада жариялауды сұрады.

 

Владимир Путин и Дэвид Кэмерон обсудили кризис на Украине - РИА Новости,  02.03.2020


«Мен қазіргі уақытта біз 1930-жылдары Гитлерге қатысты ұстанған солқылдақ саясатымызды қайталауға тиіс емеспіз деп санаймын. Біз Путинге қатысты 2008 жылғы осалдығымыз бен 2014 жылы ол Қырым мен Донбассты басып алған сәттегі әрекетсіздігімізді қайталамауға тиіспіз деп ойлаймын. Осының бәрі Путиннің 2022 жылы аса қауіпті соғыс бастап, агрессия жасауына алып келді», —дейді Кэмерон The Hill басылымына берген сұхбатында.

 

Ол адамзат тарихында көршісіне себепсіз басып кіріп, соғыс ашқан мысалдар аз екенін, Путин дәл сондай мысалдың бірін жүзеге асырғанын айтты.

 

«Путин Батыстың төзімі таусылып, өз империясын кеңейтуді ойлап отыр. Ол бізді әлсіз деп санайды. Ол қазір адамзат куә болып отырған қанқұйлы соғыс үшін еш жауапқа тартылмаймын деп ойлайды. Ал екінші қапталда біз бармыз. Бізде ресурс бар, экономикалық күш бар, білім бар. Біздің экономикамыз Ресейден 25 есе қуатты. Олар Пхеньянға қол жаюға мәжбүр болды. Бізге бар керегі, осы артықшылықтарымызды тиімді пайдалану. Бұл тұста бір ғана сұрақ бар, ол «біздің соны іске асыруға ерік-жігеріміз жете ме» деген сұрақ», - дейді ол.

 

Кэмерон «Батыстық қару Ресейді ашуға салып, жағдайды тіпті шиеленістіре түседі» дегенге де жауап берді. «Біз шиеленісе түседі дегеннің иллюзия екенін дәлелдедік. Ұлыбритания Киевке танкке қарсы қару, танктер, алыс қашықтыққа ататын Storm Shadow зымырандары, артиллерия және басқаны ең бірінші болып берді. Әр қаруды берген сайын Путин қырам-жоям деген мәлімдемелер жасаумен болды. Оның сөздері сөз күйінде ғана қалды», - дейді Ұлыбритания СІМ басшысы. Ол Путиннің сөзінен сескенбей қажетті қаруды Киевке беру керектігін айтты.

 

Дэвид Кэмерон «менің бұл мәлімдемемді АҚШ-тың ішкі саясатына араласу деп санамаңыздар, алайда демократияға қауіп төніп тұр және оны сейілту үшін Конгресс көмек пакетін Украинаға беруі тиіс» деді. Ол НАТО-ға мүше шығыс Еуропа елдерін аралап, Украинаға көмек көрсетуді арттыру мәселесін көтермек. Артынша Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөз сөйлейді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар