Сатылған снаряд: Кремль Кимнің қалтасын толтырды

Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынас пен әскери саладағы байланыс Пхеньянның экномикасының өсуіне ықпал етуде. Сарапшылар КХДР экономикасы пандемиядан кейін алғаш рет 2024 жылдың басында өсім көрсете бастағанын жазуда.


Ким Чен Ын: Конечная цель КНДР – обладание самыми мощными в мире ядерными  силами

 

Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметі 2023 жылдан бері КХДР Ресейге 10 мәрте қару жеткізгенін анықтады. Оның ішінде 1 млн дана снаряд пен баллистикалық зымырандар бар. Пхеньян мен Мәскеу бұл ақпаратты үзілді-кесілді жоққа шығарумен келеді. Алайда Украина майданында Солтүстік Корея снарядтары бары ұрыс барысында да, украин әскеріне олжа болған қоймаларда да табылды.

 

Сарапшылар КХДР-дің экономикалық өсіміне Ресеймен жасасқан әскери саладағы келісімдер әсер етуде дейді. КХДР-дің ЖІӨ көрсеткіші бар болғаны 26 млрд долларды құрайды. Ал Ресеймен жасасқан келісім аясында Пхеньян 1,2-1,6 млрд доллар пайда табуы ықтимал.

 

2020 жылы Солтүстік Кореяның экономикасы 30 жылдағы ең ауыр соққының бірін алды. Пандемия және санкция Ким режимінің экономикалық әлеуетін әлсіретті. Сеулдің болжамынша 2020 жылы Солтүстік Кореяның ЖІӨ көрсеткіші бірден 4,5% минусқа түсті. Пандемияға байланысты Қытайға көмір сату мүмкіндігі азайды, салдарынан елдегі 27 млн халықтың 10 млннан астамы тойып тамақ ішпейтін жағдайға жетті.

 

Fitch Solutions сараптамалық компаниясының басшысы Анвита Басудың ойынша Солтүстік Корея бесінші жыл қатарынан құлдырау көрсеткішінде тұрған экономикасын Ресейге қару сату арқылы көтеруге тырысуда. Мәскеуге снаряд, зымыран сату арқылы Пхеньян эономикасы жылына 1% өсім көрсетуі мүмкін.

 

RUSI зерттеу институтының ақпаратынша Пхеньянның қорғаныс саласында 2 млнға жуық адам жұмыс істейді. Бұл өндіріс кешенінен бастап ор қазу, әскери полигон салу, құрылысты қамтиды. Пхеньян экономикалық өсімді әскери саламен байланыстырады. Солтүстік Кореяның әскери қоймаларында 1950-53 жылғы соғыстан қалған және ондаған жылдар бойы үздіксіз шығарылған миллиондаған дана снаряд бар. Пхеньян санкцияға байланысты оны сату мүмкіндігіне ие емес еді. Алайда Ресейдің Украинамен соғысы және Мәскеудің снаряд мәселесінде КХДР-ге тәуелді болуы жағдайды өзгертті. Ендігі таңда Солтүстік Корея азық-түлік тапшылығын шешу үшін және экономиканы көтеру мақсатында Ресейге снаряд сатумен келеді.

 

Bloomberg басылымы 2023 жылдың қарашасында КХДР-дің Мәскеуге снаряд сатып, 1 млрд доллар пайда тапқанын жазған болатын. Сарапшылар Пхеньянның Мәскеу мен Киев арасындағы соғысты барынша пайдаланып, басқа да қару түрлерін сатуға тырысатынын жазды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар