Ресейдің «банан» бопсасы: Қару сатсаң - банан алмаймын!

2024 жылдың қаңтарында Эквадор билігі өзінде бар ресейлік және кеңестік қару түрлерін АҚШ-қа беріп, орнына АҚШ-тан жаңа заманауи қару алуға келісім ұсынды. Вашингтон Эквадордан алған қаруды Киевке беретіні жайлы ақпарат шықты. Алайда Ресейдің Эквадор билігіне жасаған қысымынан кейін бұл келісім іске аспады. Бұл туралы  Эквадор СІМ басшысы Габриэл Соммерфелд мәлімдеді.


Эквадор вывел бананы из-под удара: конфликт с Москвой в планы Кито не  входит. Новости Эквадора. Новости России. Новости. Новости сегодня — EADaily

 

«Эквадор Республикасының президенті халықаралық қақтығысқа қатысы бар елге қару-жарақ жібермейтіні жайлы нақты тапсырма берді», — дейді Соммерфелд.

 

Қаңтар айының соңында Эквадор билігі құны 200 млн доллар болатын «кеңестік ескі-құсқы темір-терсекті» (мәлімдемеде солай айтылды) АҚШ-қа беру жоспары барын айтқан-ды. Эквадор президенті Даниэль Нобоа келісім халықаралық құжаттарға сай жүзеге асатынын мәлімдеді. Ал Вашингтон өз кезегінде Эквадордан келетін қаруды Украинаға жіберу шешімін іске асыратынын жасырмады.  

 

Ресейдің Эквадордағы елшілігі бұл келісім іске асса, Эквадор мемлекетін Ресейге қарама-қарсы әрекет етуші тарап деп танитынын жеткізді. Сонымен бірге «бұл Эквадордың Ресей мен Украина соғысында бейтараппыз деген позициясына сай келмейді» деді.

 

Ресей билігі әдетінше бопсаға көшіп, келісімді іске асырмаудың әрекеттерін жасады дейді сарапшылар. Ақпанның басында Россельхознадзор эквадорлық банандардан адам және жануар денсаулығына қауіпті саналатын бірнеше бактерияны тапқанын айтып, Ресей нарығына Эквадордан банан жеткізуге тыйым салды.  

 

16-ақпанда Россельхознадзор басшысы Сергей Данкверт Ресей нарығына эквадорлық банандарды қайта кіргізуге рұқсат етілгені жайлы мәлімдеді. Банан арқылы бопса іске асты ма? Бұл үшін Эквадор экономикасында бананның маңыздылығына көз жүгіртуіміз қажет.

 

Эквадор әлемге банан экспорттау бойынша көшбасшы елдердің бірі саналады. The Observatory of Economic Complexity мәліметінше 2021 жылы әлемдік нарыққа шығатын бананның 26,9%-ы Эквадорға тиесілі болған. 2023 жылы Эквадор әлемге 6,5 млн тонна банан экспорттап, 700 млн доллар пайда тапқан. Экспорттың бестен бір бөлігі Ресей нарығына кіргізілген.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар