Путин Хрущев пен Брежневті басып озды: Сотталсын, сотталсын, сотталсын!

Ресейдегі "Проект" атты жобаның мәліметінше Путин азаматтарды саяси қудалау бойынша Сталиннен кейінгі барлық басшыны басып озған. Ол саяси себеппен БАҚ қызметкерлерін, тілшілерді, тәуелсіз зерттеушілерді және белсенді азаматтарды, саяси қайраткерлерді қудалауды еселеп арттырған.  


Назад в СССР: почему разрушился нерушимый и зачем Путину нужен союз

 

Путин өзінің төртінші президенттік мерзімінде түрлі саяси қудалау бойынша 116 мың адамға қысастық көрсеткен дейді зерттеушілер. Ол жұмыстан қудалау, соттау, кәсібін тоқтату, түрлі тыйымдар салу және басқа форматтағы жазалауларды қамтиды. Ол бойынша "Проект" жобасы 22-ақпанда арнайы зерттеу нәтижесін жария етті.

 

Жоба зерттеушілері Ресейдегі 2018-2023 жылғы әкімшілік және қылмыстық сипаттағы істерді қарап шығып, осы аралықта 5613 адам терроризм, экстремизм, Ресей әскерін масқаралау, фейк ақпарат тарату және басқа баптармен сотталғанын анықтады. Ал Украинада соғысудан бас тартқандар мен "мемлекетке сатқындық жасады" деп айыпталғандарды қосатын болса, олардың саны 11442 адамға жетеді.

 

Зерттеушілер 1956-1961 жылдар аралығында Хрущевтің бұйрығымен 4883 адам «Антикеңестік пропаганда жүргізді» және «Жалған ақпарат таратты» деген баптармен саяси қудаланғанын анықтады. Ал 1962-1985 жылдар аралығында Ресейде РСФСР-де аталмыш баптармен 3234 адам сотталған.  

 

Жоба авторлары КСРО-да 1967-1974 жылдары "антикеңестік көзқараста болды" деген 120 мың адамның арнайы тізімге алынғанын анықтады. Бүгінде Ресейде ондай азаматтардың саны қанша екені белгісіз, алайда соңғы 6 жылда Ресей билігі митингке шыққан 105 мың адамға айыппұл салған. Соңғы 6 жылда Ресей билігі қырғи-қабақ соғыс кезеңіндегі "мемлекеттік құпияны жария етті" деп сотталғандардың санынан көп азаматты аталмыш баппен соттаған. КСРО-да жылына "тыңшылық жасады" бабымен жылына орта есеппен 2 адамды соттаса, қазіргі Ресейде 6 жылда орта есеппен жыл сайын 54 адамды соттау фактісі тіркелген.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар