Беларусьті 30 жыл бойы басқарып келген Лукашенко қайтадан сайлауға түседі деген хабар желдей есті.
Александр Лукашенко 2025 жылғы сайлауда Беларусь президенттігіне қайта сайлануды жоспарлап отырғанын өзі мәлімдеді. Ол бұл лауазымды 1994 жылдан бері атқарып келеді, оның соңғы рет қайта сайлануы елде жаппай наразылық тудырды. Сол кезде Лукашенко өзін «кететін президентпін» деп атады. Бірақ қазір отставкасын «сатқындыққа тең» деп санады. Оның пікірінше, шетелдегі оппозиция Беларусьтің бір бөлігін басып алып, елге НАТО әскерін енгізуге дайындалуда.
Беларусь Президенті Александр Лукашенко 2025 жылғы президент сайлауына қатысады. Ол парламентке және жергілікті кеңестерге сайлаудан кейін журналистерге өзінің ниеті туралы хабарлады.
Лукашенконың айтуынша, «бірде-бір жауапты президент өзінің соңынан ұрысқа шыққан өз адамдарын тастап кетпейді».
«Олар сізді, мені және қоғамды қаншалықты көп шиеленістірсе, мен осы сайлауға соғұрлым тезірек барамын. Сіздер алаңдамаңыздар, біз Беларусь үшін қалай қажет болса, солай істейміз», - деп мәлімдеді Лукашенко.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы өзін «кетіп бара жатқан президент» деп атады және бір жыл ішінде «көп нәрсе өзгеруі мүмкін» - жаңа президентті 2025 жылы беларусьтар сайлауы тиіс екенін айтты.
2020 ЖЫЛҒЫ САЙЛАУ ҺӘМ АВТОМАТ АСЫНҒАН ЛУКАШЕНКО
Александр Лукашенко алғаш рет 1994 жылы Беларусь президенті болып сайланды. Содан кейін 2001, 2006, 2010, 2015 және 2020 жылдары қайта сайланды. Соңғы сайлаудың алдын ала нәтижелері жарияланғаннан кейін елде жаппай наразылық акциялары басталды, оларды таратқан кезде Беларусь милициясы мен ішкі әскерлері көзден жас ағызатын газ, шулы гранаталар мен резеңке оқтар қолданған. Наразылықтарды басу өте қатыгез сипатқа ие болды. Жүздеген адам ұрып-соғылды, көпшілігі тергеу изоляторларында азапталды.
Лукашенконың мәлімдемесіне сәйкес, шетелдегі Беларусь оппозициясының өкілдері елдің бір бөлігін басып алып, оған Солтүстік Атлант альянсының әскерін енгізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, ол Брест облысының Кобрин ауданын және сол өңірдегі аудан орталығы Малоританы атап өтті.
ЛУКАШЕНКО: НАТО ЖЕРІМІЗДІ БАСЫП АЛМАҚ!
«Билікті басып алу, жариялау, бұл билікті бәрі мойындайды, билік НАТО-ға айналады, әскерлер енгізіледі. Бұл бос былшыл емес, мұндай жоспарлар талқылануда», - деді Беларусь президенті.
Ол 20 ақпанда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің мемлекеттік органдарының басшылық құрамымен өткен кеңесте осындай мәлімдеме жасады. Сол кезде Беларусь президенті шетелде орналасқан «радикалды Беларусь оппозициясының» жақтастары «қандай да бір аудан орталығын» басып алу мақсатында республикаға басып кіруді жоспарлап отыр деген пікір білдірді. Онда Лукашенко өздерін Беларусьтің жаңа билігі деп жариялайтынына сенімді.
РЕСЕЙ МЕН БЕЛАРУСЬ БІРГЕ БОЛСА ДА, БІРТҰТАС МЕМЛЕКЕТ БОЛМАЙДЫ!
Лукашенко сондай-ақ, Беларусь пен Ресей бірге кез келген қарсыласқа қарсы тұра алатынын және елдер «әрдайым біртұтас болатынын» мәлімдеді. Сонымен қатар, ол олардың интеграциясы бір біртұтас мемлекет құрумен аяқталмайтынын тағы да атап өтті.
«Біреулер: «Одақтық мемлекетпіз, ертең Ресеймен бірігеміз, билік Кремлде болады», - деп ойлайды. Мен кетіп бара жатқан президентпін, мұны жиі айтамын. Бірақ менен кейін кім келсе де, бұл ұстаным қолдау таппайтынына сенімдімін. Екі егеменді мемлекет болады», - деп атап өтті Лукашенко.
ЛУКАШЕНКО: УКРАИНА КЕЛІССӨЗГЕ КӨНУІ КЕРЕК!
Украинадағы қақтығыс туралы айта келіп, Лукашенко Киевті Ресеймен келіссөздер жүргізуге шақырды. Оның пікірінше, диалогты бастауға негіз «жеткілікті».
«Егер Батыс Украинаға қазіргідей көмектесетін болса, онда Украинаның күндері санаулы. Егер қазір Ресеймен келіссөздерге бармаса, олар Украинаны толығымен жоғалтады. Сондықтан бүгін елді сақтап қалу үшін келіссөздерге бару керек», - деп мәлімдеді Лукашенко.
Mezgil.kz