Қазақстанда Ресейдің неше әскері, неше полигоны бар?

Бүгін Мәжіліс қабырғасында ҚР Қорғаныс вице-министрі Шайх-Хасан Жазықбаев журналистердің сұрақтарына жауап беріп, Қазақстан аумағында орналасқан Ресей Қарушы күштерінің көлемін атады.

1709112995887462.jpg

Қазақстан қорғанысына жауапты кіші-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 900 ресейлік әскери қызметші жүр. Жазықбаев өзіне қойылған: «Ресей армиясының қанша өкілі Қазақстанда жүр?» деген сұраққа: «Бүкіл Қазақстан бойынша 900 адам», - деп жауап берді.

ҚАЗАҚСТАНДА РЕСЕЙДІҢ НЕШЕ ӘСКЕРІ БАР?

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысы тұрғындары ресейлік «Капустин Яр» полигонындағы жауынгерлік зымырандар сынағынан денсаулықтарына зиян тиіп жатқанын айтқан. Вице-министр Жазықбаев бұған қатысты Сарышаған полигоны туралы мәлімдеп: «Онда халық жоқ», - деп сендірген.

1709112625325996.jpg

Ал «Новая Европа» газеті «БҚО Бөкей ордасы ауданының тұрғындары өңірдегі туа біткен денсаулық проблемаларын Ресейдің Қазақстанмен шекаралас Астрахан облысындағы «Капустин Яр» полигонында жүргізіп жатқан зымыран сынақтарымен байланыстырады» деген мақала жариялаған.

Бұл қазақ қоғамына ой салып, Мәжіліске барған Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаевтан осы жай сұралған. Кіші министр әуелі Украинаға ұшатын ресейлік ұшқышсыз зымырандар алдымен Қазақстанда сынақтан өтуде деген сұрақтарға жауап беріп, артынша полигонның бар екенін растаған.

«Мұндай полигон бар, бірақ онда ұшқышсыз зымырандар сынақтан өткізілмейді. Сарышаған полигоны бар. 1993 жылғы келісімге сәйкес, 2030 жылға дейін бізде Ресей Федерациясының 110 оқу орталығы зымырандарды сынақтан өткізетін Сарышаған полигоны бар», - деді Жазықбаев.

1709112725525562.jpg

(Сурет e-history.kz сайтынан алынды)

ҚАЗАҚСТАНДА РЕСЕЙДІҢ НЕШЕ ПОЛИГОНЫ БАР?

Енді біз КСРО құласа да, одан қалған әскери мұраның қазақ жеріндегі саны неше деген сұраққа жауап іздеп көрелік...

БАЙҚОҢЫРДАН БАСҚА...

Байқоңырдан басқа, Ресей Қазақстанда қандай стратегиялық нысандарды пайдаланады және олар біздің еліміздің қорғаныс қабілеті үшін маңызды ма?

1709112795682701.jpg

(Сурет total.kz сайтынан алынды)

КСРО ыдырағаннан кейiн мемлекеттiң көптеген маңызды стратегиялық объектiлерi бұрынғы Кеңестiк республикалардың аумағында қалып, жат иелікке айналса, Назарбаев билігі Қазақстандағы маңызды стратегиялық объектiлердi Ресей қолына бере салды. Осылайша, Ресей үшін оңтүстік көрші қорғаныс қабілеті мәселелерінде өте маңызды ел болып шыға келді. Өйткені еліміздің аумағында Ресей иелік ететін (жалға алып отырған) ең ірі стратегиялық маңызды объектілер 6-ау.

Бұл нысандар Ресейдің әскери-ғарыш саласы үшінде өте маңызды. Сондықтан «Қанды Қаңтардағы» наразылықтар мен тәртіпсіздіктер кезінде ҰҚШҰ күштері көптеген маңызды экономикалық және стратегиялық құрылыстарды қорғауды қамтамасыз ету үшін Қазақстанға тез арада жіберілгені кей жағдайда назардан тыс қалып жатады.

РЕСЕЙ ҚАЗАҚСТАННАН ЕҢ МАҢЫЗДЫ 6 НЫСАНДЫ ЖАЛҒА АЛУДА

1. 929-шы мемлекеттік ұшу-сынақ орталығы

Бұл зымыран полигонының үлкен бөлігі Ресей аумағында (Астрахан облысында) орналасқан, оның штаб-пәтері де Ресейде орналасқан. Бірақ полигонның бір бөлігі Қазақстанның екі батыс облысының (3 сынақ полигоны) аумағында орналасқан. Ресей авиациясы мен ӘҚК қажеттіліктері үшін қажет.

Осындай тағы бір маңызды нысан «Ембі» полигоны болды, ол кейіннен таратылып, барлық сынақ жұмыстары «Капустин Яр» қаласына ауыстырылды. Аумақ Қазақстанға 2017 жылдан кейін қайтарылды.

2. Қазақстанның батысындағы сынақ станциясы мен өлшеу пункттері

Бұл нысандар Батыс Қазақстан облысында орналасқан. Олар сондай-ақ әскери техниканы, зымырандар мен оқ-дәрілерді сынау үшін қажет.

3. Қостанай қаласындағы әуеайлақ

Ресей әуе күштерінің маңызды нысаны. Әуеайлақта Ресей үшін стратегиялық маңызды полигондар мен Қазақстандағы әскери базалар арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз ететін және қорғайтын РФ ӘӘК көлік авиациясының полкі орналасқан.

4. Балқаш-9

Мұнда Ресей ӘК радиотехникалық торабы орналасқан. Бұл зымыран соққыларының алдын алу бойынша бірыңғай жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін және Азия аумағынан баллистикалық зымырандардың ықтимал қозғалысын қадағалайтын маңызды стратегиялық нысан. Қарағанды облысының Приозерск қаласында орналасқан.

5. Сары-Шаған полигоны

Сары-Шаған полигоны Ресейдің 10-шы сынақ полигоны болып табылады. Мұнда әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері орналасқан, сондай-ақ, полигон орта қашықтықтағы баллистикалық зымырандарды сынауға арналған. «Балқаш-9» жанында орналасқан.

6. Байқоңыр

Ол Ресейдің шетелдегі ең маңызды стратегиялық нысаны және посткеңестік кеңістіктегі маңызды стратегиялық аумақтардың бірі болып табылады. Бұл ғарыш айлағын Ресей әртүрлі орбиталық бағдарламалар, зымырандарды ұшыру үшін пайдаланады.

1994 жылы екі ел арасында Ресей кешенін жалдау туралы шартқа қол қойылды, ал 2004 жылы жалдау мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылды.

Көріп отырғанымыздай, бұл нысандардың барлығы Ресей үшін өте маңызды, өйткені олар әскери-ғарыш күштерінің қажеттіліктері үшін, қару-жарақты сынау үшін және әуе шабуылына қарсы қорғанысты ұйымдастыру үшін қажет.

Көкейде осы полигандар Ресей бізге шабуыл жасаса төбемізден жай түсірмей ме деген ойға қалдырады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар