Жойылған спутниктер, атылған зымырандар: Берлин сұмдық соғыс болжамын айтты

Германия Үкіметі Ресей тарапынан жасалуы мүмкін шабуылдың 4 кезеңін жазып шықты. Бұл туралы Bild басылымы 13 беттен тұратын «Азаматтық қорғанысқа төнетін қауіп-қатер сараптамасы» атты құжатқа сүйене отырып жазды.


России менее всего выгодна война, учитывая ту политическую ситуацию,  которая складывается вокруг РФ — военный эксперт

 

Ресей Германияға шабуылды бастайтын болса, онда 4 кезеңнен тұратын жоспарды іске асырады дейді сарапшылар. Ресей алғашқы кезеңде БАҚ беттерінде, әлеуметтік желіде және қоғам арасында жалған ақпарат, фейкньюстер тарату арқылы қоғамдағы бөліністі арттырып, билікке сенімді төмендетіп, демократиялық құндылықтарды сынға алуды көздейтіні айтылған. Аталмыш кезеңде кибершабуылдар артып, электрстанциялары мен су қоймаларына кибершабуыл күшеймек. Бірінші кезеңде шабуылды қай тарап іске асырып жатқанын нақты айту қиынға соғып, Берлин кінәліні дөп басып, айғақсыз көрсете алмайтын күйде болады.

 

Екінші кезеңде Ресей НАТО шекарасына әскерін топтастыра бастайды. Оны әдеттегі жаттығу деп атайды. Ал альянс жауап ретінде шығыс шекарадағы әскерін арттырады. НАТО әскерінің жылжуын бәсеңдету мақсатында Ресей кибершабуыл санын арттыра түседі. Ресей бір мезетте ғарыштық спутниктерді де істен шығаруға тырысады. Германия аумағындағы химиялық, ядролық нысандарға кибершабуыл жасалу қаупі де арта бермек.  

 

Үшінші кезеңде Ресей нысанаға тура тиетін қару түрлерін қолданып, жаппай шабуылға көшеде. Зымыран және әуе соққылары жасалады. Құжатта зымыран соққылары Германия аумағына жасалатыны айтылған. Дәл сол сәтте барлау және бақылау қызметін істен шығару үшін ғарыштағы спутниктерді де жою басталады.

 

Төртінші кезеңде Ресей әскері Германия аумағына жетеді. Шабуылды Калининград аймағы арқылы іске асыруға тырысады. Соғыс қимылдары әуеде, теңізде және құрлықта басталып, қиян-кескі шайқастар өтеді. Және адамзат тарихында алғаш рет ғарышта соғыс жүргізу әрекеттері байқалуы ықтимал.

 

Бұл Bild басылымы жазған мақаланың қысқаша мәтіні және қорытындысы. Егер Германияға Ресей шабуыл жасайтын болса, онда Еуропадағы қауіпсіздік түсінігі түбегейлі өзгермек. Аталмыш құжатты және Ресей шабуылының жоспарын болжап, сараптама жасаған авторлар бұл сценарийді «шындыққа жақындатылған қауіпті болжам» деп атады.

 

Бұған дейін Германия қорғаныс министрлігі 2025 жылы Ресейдің НАТО елдерінің біріне шабуыл жасауы мүмкін екендігін айтқан болатын. Ол үшін Ресей мобилизация жасап, әскерге қосымша 200 мың адамды жасақтап, Украина жерінде шабуылға шығып, Киевті әскери негізде тұқыртып, НАТО-мен тікелей қақтығысқа дайындықты бастайтынын жазған еді.

 

Батыс сарапшылары Ресей Украинада жеңіске жетсе, НАТО елдерінің біріне шабуыл жасайды деп болжауда. Кей сарапшылар Ресей Грузия және Молдоваға шабуыл жасайды десе, енді бірі Балтық елдеріне шабуыл жасайтынын айтуда. Алайда ресми Кремль аталмыш болжамның барлығын «сандырақ» деп атады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар