Украина ресейлік ұшақтарға нағыз аңшылық бастады!

Ресей Украина жерінде 10 күнде 10 ұшағынан айырылды. Бұл туралы Ұлыбритания барлау қызметі жария етті. Ал Украина құлатылған ұшақтар саны әлдеқайда көп десе, Ресей аталмыш ақпаратты жоққа шығаруда. 17-27 ақпан аралығында Украина Ресейдің Су-35, Су-34 ұшақтарын және бір А-50 ұшағын құлата білген.


Бои за Авдеевку – ВСУ сбили восьмой российский самолет Су-25

 

Украина Әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы, генерал-лейтенант Николай Олещук Украина әскерінің Ресей ұшақтарын жиі құлату мүмкіндігі пайда болғанын растады. Ол арнайы жасақтар, барлау қызметі мен әуе қорғаныс күштері және жүйелері бірлесе әрекет етіп, нәтижеге қол жеткізгенін айтуда.

 

Әскери сарапшылар Украина әскері майдан даласына Батыстық қымбат әуе қорғаныс жүйелерін жақындатып, тәуекелге толы операциялар санын арттырғанын айтуда. Бұл Украинадағы зымыран тапшылығымен де байланысты. Себебі Украина аумағына жасалатын әуе соққысын азайту мақсатында Киев ресейлік ұшақтарды құлатуда саны шектеулі Әуе қорғаныс жүйелерін майдан даласына жақындата түскен.

 

Әзірге бұл тактика нәтиже беруде дейді мамандар. RUSI қорғаныс саласындағы зерттеу институтының сарапшысы Джастин Бронктың сөзінше  Украина Patriot зымыран кешендерін майдан даласына жиі жақындататын болған. Бұл аталмыш кешеннің қарсылас тарапынан анықталу мүмкіндігін арттырады, алайда сонымен бірге қарсыластың ұшақ, тікұшақтарын құлату мүмкіндігі де көбейе түседі.

 

Forbes басылымы «Украина ресейлік ұшақтарға нағыз аңшылық бастады» деп жазды. Әуе қорғаныс күштері 145 шақырымдағы нысанды жоюға қабілетті PAC-2 зымырандары арқылы ресейлік ұшақтарға тұзақ құрып, соққы жасау санын арттырған.

 

Алайда 23-ақпанда Украина құлатқан А-50 ұшағы PAC-2 зымыраны жетпейтін қашықтықта еді. Әскери сарапшылар Украина кеңестік С-200 зымырандарын модернизациялау арқылы Ресейдің ең қымбат ұшақтарының бірін құлата білгенін айтты.

 

Ресейдің ұшақ шығыны артуының тағы бір себебі ресейлік ұшақтардың майдан даласына тым жақын қашықтықта ұшуы болып саналады. Ресей әскері шабуылды нәтижелі ету үшін авиация көмегіне көбірек жүгінуге мәжбүр, ал бұл өз кезегінде ресейлік ұшқыштардың майдан даласына жақын қашықтықта ұшуын қажет етеді.

 

Сарапшылар Ресей соғыс басталған сәттен бастап 342 ұшағы мен 325 тікұшағын жоғалтқанын айтты. Алайда ресми Мәскеу бұл ақпаратты жоққа шығарып, шығын санын бірнеше ондық қана деп санайды. Көптеген ресейлік сарапшылар құлатылған ұшақтың көбін ресейлік Әуе қорғаныс жүйесі жаңылысып атып алған деген пікірді айтумен келеді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар