Шешен ақсақалы: Шешенстан - атажұртымыз болса, Қазақстан - Отанымыз!

Алаш тарихының сындарлы шақтарымен мәңгілік сабақтастықпен байланыстағы Алғыс айту күнінің ұлт өміріндегі орны бөлек. 

1709280748905669.jpg

Осы бір Ұлық мереке халқымыздың досына деген кеңпейілдігі мен әлем мәдениеті алдындағы өркениеттік даналығын көрсететін ерек күн. Сталиндік зұлмат жылдары қазақ өз жеріне бас сауғалап келген ұлт өкілдерін Хәкім Абайдың: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» дегендей тәлімін естен шығармай, қолындағы барымен бөліп-жармай бөліскеніне тарихтың өзі куә. Сол бір досқа деген адалдығымызды, дұшпанға деген қаталдығымызды сана сіңіре білген олардың ұрпақтары бүгінде Қазақстанды өз отаны деп біледі.

Біз бүгін портал оқырмандарының талқысына Алғыс айту күніне айтылған ақжарма тілектердің бірсыпырасын ұсынып отырмыз...

1709280563383757.png

ШЕШЕНСТАН АТА МЕКЕНІМІЗ БОЛСА, ҚАЗАҚСТАН ОТАНЫМЫЗ!

Шешен-Ингуш ақсақалдары:

- Құрметті отандастар! Биыл шешен-ингуш халқынының қазақ еліне қоныс аударғанына 80 жыл толды. Әрине, тарихтың қасіретті беттерін ұмыту мүмкін емес. Шешенстанда зиялы қауым өкілдері, қарпайым халық, сұрапыл кезеңде барымен бөліскен қазақ халқына алғысын айтып, қазақ халқына деген ерекше көзқарастың және халықтар арасында мәңгілік байланыстың бар екеніндігін көрсетеді.

Әсіресе, ақсақалдар өз сөздерінде Қазақстанда мәңгілік қалған туыстарын, қиындықта бірге өскен достарын, еске түсіріп, көздеріне жас алып жатады. Шешенстан ата мекеніміз болса, Қазақстанды туып өскен жеріміз, Отанымыз деп білеміз.

1 наурыз алғыс күніне орай барлық қазақстандықтарға, елдің өзегі болған қазақ халқына Алладан амандық, елге бірлік, мемлекеттің өркендей беруін тілей отырып, шын жүректен шексіз алғысымызды білдіреміз!

1709280631666023.png

ҚАЗАҚҚА АЛҒЫС АЙТАЙЫҚ!

Максим Споткай, Сенат аппаратының жетекшісі:

- Қазаққа алғыс айтайық! Кезінде бас сауғалап келген бабаларымыздың аруағы риза болсын!

Бес жарым ғасыр бұрын Ұлы далада тоғысқан көп ру мен тайпа бір хандықта бірікті. Қазір біріктірудің екінші кезеңі басталуда. Ортақ тарихи тағдырымыз бiрiктiрген біздер, көп этнос болып құралып, қазақ ұлтымен бір халық болдық. Ал бүгін қазақтың тілі мен менталитетінің негізінде бір Қазақ ұлты болып қалыптасудамыз. Қазақстанда тұратын этностар үшін мемлекетті құрушы ұлтқа ризашылықпен қарау, тілін, ділін құрметтеу – қоғамдық келісімнің түп негізі болмақ.

Кезінде қазақ халқы қуғын-сүргін құрбандары мен тылға келген бабаларымызды құшақ жая қарсы алды. Сол кезде қазақтың өзінде де ашаршылық пен репресия кезеңі болғанын, соған қарамастан ас-суымен бөліскенін ұмытуға болмайды.

Сондықтан ата-бабаларымыздың өмірін сақтап қалған, қиын-қыстау заманда бауыр болған қазаққа шын ниетпен алғыс айтсақ, сол бабаларымыздың аруақтары бір аунап, бізге де риза болады деп сенемін.

Сол үшін де қазақ халқына мың алғыс айтамын!

Жалпы әрбіріміз үшін алғыс айтуға себеп көп. Ең алдымен әкелеріміз бен аналарымызға, дос пен бауырға, әрбір тілекші жанға мың алғыс болсын!

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар