«Айға шапқан арыстандай» болған Лукашенко соғысқа даярланып жатыр

Кеше ғана Беларусь басшысы елдегі саяси һәм әскери билік өкілдерін «соғыс жағдайындағыдай» жұмыс істеу режиміне көшуге бұйрық беріп, жарлық шығарды. Беларусь басшысының шабына шоқ түсірген не жағдай екендігін саяси сарапшылар әр саққа жүгіртуде. Біз де әлемдік саяси кеңістіктегі басты сқрақ: «Лукашенко соғысқа дайындалып жатыр ма» деген сұрақ төңірегінде шолу жасап көрдік.

1709629224872841.jpg

Путиндік Ресейдің ықпалы күшті Орталық Азия қазір Ұжымдық Батыстың қас-қабағына қарап әрекет етсе, Белаурсь президенті Александр Лукашенко бәрін жиып қойып, «арыстанның айға шапқан» әрекетін Украин мен Ресей соғысы басталғаннан бері түрлі жосықта әлемге паш етіп келеді.

1709628776897646.jpg

(Сурет Беларусь президентінің сайтынан алынды)

БЕЛАРУСЬ СОҒЫСҚА ДАЙЫНДАЛУДА

Лукашенко мемлекеттік органдар мен ұйымдарды соғыс уақытындағы жұмыс істеу тәртібіне ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды. Яғни, енді Беларусьтің саяси һәм әскери басшылығы, мемлекеттік органдары мен қоғамдық ұйымдары соғыс уақытындағы режим бойынша жұмыс жасайды. Бұл бірінші кезекте, Беларусьтің соғысқа дайындала бастағанын білдіреді.

«Құжат мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды бейбіт уақыт жағдайында жұмыстан соғыс уақытына ауыстыру, әскери-саяси жағдайлардың өзгеруін ескере отырып, ұлттық қауіпсіздікке қатер төнген кезде олардың келісілген және тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету тәртібін жетілдіреді», - делінген хабарламада.

БЕЛАРУСЬ ӘСКЕРИ ДОКТРИНАНЫ ӨЗГЕРТТІ

Сондай-ақ, әскери-саяси жағдайлардың өзгеруін ескере отырып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төнген жағдайда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың келісілген және тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету тәртібі өзгертілді.

Жарлықта оның күші қолданылатын мемлекеттік органдар тобы жеке айқындалған. Құжатты Бүкілбеларусьтік халық жиналысы, Ұлттық жиналыс палаталары, Конституциялық және Жоғарғы соттар толықтырды.

Сондай-ақ, соғыс жағдайы енгізілген кезде жарлық жекелеген мемлекеттік органдар мен бірқатар ұйымдардың басшыларына әскери атақтар беру мүмкіндігін көздейді.

Хабарламада айтылғандай, жаңа жарлық мемлекеттік аппараттың жүйелі және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

1709629112553242.jpg

МАКРОННЫҢ СӨЗІ ЛУКАШЕНКОНЫ ШОШЫТТЫ МА?

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Лукашенко Беларусьтің жаңа әскери доктринасы туралы айтқан болатын. Бұл таң қаларлық жағдай емес. Жақында ғана Франция президенті НАТО әскерлерін Украинаға жіберу қажеттігі туралы мәлімдеді.

ЛУКАШЕНКО: «БЕЛАРУСЬКЕ ҚАУІП ТӨНДІ», - ДЕП ДАБЫЛ ҚАҚТЫ

Беларусь ҰҚК деректері:

1)Польша мен Балтық жағалауы аумағында диверсиялық топтар дайындықтан өтуде, олардың міндеті – Беларусь аумағындағы жағдайды тұрақсыздандыру болып табылады.

2)Сондай-ақ Украина тарапынан 150 мың дана қуатты әскери корпус тұр. Мұнда да түрлі арандатулар болуы мүмкін.

3)Сондай-ақ НАТО-ға қатысушы елдерден ірі әскери бөлімшелерді жылдам ауыстыру үшін әскери инфрақұрылымды дайындау бойынша белсенді іс-қимылдар байқалады. Бұл үшін жолдар мен әуеайлақтар жөнделеді, сондай-ақ оқ-дәрілер өндірісі артады.

Лукашенконың елде соғыс жағдайындағы режимді енгізуіне осы үш фактор қыпал етті дейді сарапшылар.

РЕСЕЙ ӘСКЕРІНЕ ЖЕРІН БЕРГЕН БЕЛАРУСЬ

Анығында Беларусь Ресей-Украинаға соғысына бұрын араласқан. Бүгінде Беларусь аумағында ресейлік әскерилер орналасқан. Бұрынғы «Вагнер» ЖӘК жауынгерлері де әлі Беларусь жерінен кеткен жоқ. Өткен жылы Ресей Беларусь аумағына ядролық қару орналастырды. Осылайша, Лукашенко: «Бейбітшілікті қаласаң, соғысқа дайындал» деген қағиданы басшылыққа алуда.

Сонымен Путиннің қолайына жағам деп, ауыл фюрері тағы да бір рет отпен ойнады. Бұл жолғысы артық болды әрине! Батыстың шапалағы жағына шып ететін күнде алыс емес тәрізді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар