Ресей коммунистері: Сталинді Батыс тыңшылары улады...

Ресей коммунистері Иосиф Сталиннің өліміне Батыстың тыңшыларының қатысы бар деп санайды. «Ресей коммунистері» партиясы Сталиннің ажалына қатысты Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі (ФСБ) мен Бас прокуратурасына қайта тексеру жүргізуді сұрады. Бұл туралы коммунистік партияның төрағасы Сергей Малинкович мәлімдеді.


Больше чем история: Сталин стал оружием в битве России и Запада - РИА  Новости, 05.03.2023

 

Малинковичтің сөзінше Сталин дәуіріндегі тарихшылар, саяси қайраткерлер мен тұлғалардың куәгерліктерінде Батыс тыңшыларының КСРО басшысын улауы мүмкін екендігі жайлы айтылған дейді.

 

«Партия Ресей Федерациясының Бас прокуратурасына және ФСБ-ға Иосиф Виссарионович Сталиннің өліміне Батыс барлау қызметтерінің қатысын тексеру туралы өтінішпен жүгінді. Өйткені Сталиннің замандастарының көптеген айғақтары көшбасшының Батыс тыңшылары тарапынан ықтимал улануы туралы айтады», - дейді Малинкович

 

Бүгін Сталиннің өлгеніне 71 жыл. Ресей коммунистері Қызыл алаңдағы Сталин бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімін өткізбек. Бұған дейін Бор қаласына Сталиннің ұрпағы Селим Бенсаад келіп, Сталин ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қолдап, «мемлекетке Сталиндік жүйедегі қатаң заң керек» деп мәлімдеген болатын.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар