Президент Тоқаев Әзербайжанға не үшін барды? Транскаспийдің болашағы бар ма?

Бүгін Бакуге Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен барды. Ресми күтіп алу кездесулерінен соң Әзербайжан мен Қазақстан президенттері - Ильхам Әлиев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың шағын құрамдағы келіссөздері басталды. Президент Тоқаев Әзербайжанға не мақсатпен сапарлап барды? Бүгін осы жайлы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынамыз...

1710153101357490.jpg

Екі елдің мемлекеттік тулары желбіреген Гейдар Әлиев халықаралық әуежайында мәртебелі қонақтың құрметіне құрметті қарауыл сапқа тұрғызылды.

Қазақстан Президентін әуежайда Әзербайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов, Сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

1710152800406253.jpg

(Сурет Ақорда телеграм арнасынан алынды)

«Транскаспий бағыты Шығыс пен Батыс арасындағы байланыстырушы көпір ретінде Әзербайжан мен Қазақстанның ұстанымын күшейтеді», - деп мәлімдеді ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуге жасар сапарының алдында.

«Қазіргі қазақ-әзербайжан қарым-қатынасы өрлеуде. Саяси, сауда-экономикалық, транзиттік-көліктік, энергетикалық, ауыл шаруашылығы, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы байланыстарды арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде», - деп мәлімдеді Тоқаев «Әзербайжан» газетіне берген сұхбатында.

Ол сондай-ақ Бакуге сапары барысында Жоғары мемлекетаралық кеңестің бірінші отырысы өтетінін хабарлады.

«2020 жылдан бастап біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы бес есеге - $109 млн-нан $529 млн-ға дейін ұлғайды. Бұл әсерлі динамика және біз көлемді арттыруды жалғастыруды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Тоқаев.

Қазақстан Президентінің айтуынша, тек соңғы 1,5 жылда 40-қа жуық екіжақты құжатқа қол қойылды, алдағы сапар барысында қол қоюға тағы бір келісім пакеті дайындалуда. Мемлекет басшысы «портфельде» екі ел үшін ғана емес, жалпы өңір үшін маңызды бірқатар жобалар бар екенін айтты.

«Бұл Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) өткізу қабілетін кеңейту, Каспий теңізінің түбі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ) мен энергетикалық кабель тарту, Әзербайжан арқылы мұнай мен уран экспорты, Қазақстаннан Әзірбайжан нарығына бидай жеткізу», - деп атап өтті Президент.

Ол екі тараптың стратегиялық тұрғыдан да, одақтастық тұрғыдан да берік екіжақты қарым-қатынас орнатуға бағытталғанын атап өтті.

1710152867981133.png

ШЫҒЫС ПЕН БАТЫСТЫ БАЙЛАНЫСТЫРАТЫН ТРАНСКАСПИЙ БАҒЫТЫ

Тоқаев қазіргі кезеңде трансконтиненттік сауданы ілгерілетуде және дамытуда ТХКБ-ның немесе Орта дәліз деп аталатын дәліздің рөлі қарқынды өскенін атап өтті.

«2022 жылы бұл бағыт бойынша жүк тасымалдау көлемі екі есеге, 1,7 млн тоннаға дейін, ал 2023 жылы тағы 65% -ға, 2,7 млн тоннаға дейін ұлғайды», - деп толықтырды Президент.

Оның айтуынша, Астана жүк тасымалы көлемі 10 млн тоннаға жетеді деп күтуде, себебі ол үшін сұраныс та, технологиялық мүмкіндіктер де бар.

«Сондай-ақ бағдарды одан әрі дамыту және оның басқа көлік дәліздерімен түйісуі перспективалы болып табылады, бұл Оңтүстік Кавказ пен Түркияның Қазақстанмен, Орталық Азия елдерімен, ЕАЭО және Қытаймен неғұрлым ауқымды трансөңірлік интеграциясы үшін қосымша жағдайларды қамтамасыз етеді», - деп түсіндірді Қазақстан басшысы.

Жалпы алғанда, Тоқаевтың пікірінше, ТХКБ үлкен әлеуетке ие, бұл маңызды жобаны жүзеге асыруда Қазақстан мен Әзірбайжанның рөлі өте маңызды.

1710152895889677.jpg

(Сурет Ақорда телеграм арнасынан алынды)

ТРАНСКАСПИЙ ДӘЛІЗІНІҢ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУГЕ 10 МЛРД ЕУРО КӨМЕКТЕСЕ МЕ?

«Аталған артерияны дамыту сауда серпінін кеңейтіп қана қоймай, Шығыс пен Батыс арасындағы байланыстырушы көпір ретіндегі елдеріміздің ұстанымын күшейтеді», - деп сендірді Тоқаев.

КАСПИЙ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Тоқаев сондай-ақ ағымдағы жылы оның тапсырмасы бойынша Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын зерттеумен айналысатын ғылыми институт құрылғанын хабарлады.

«Осыған байланысты біздің ғалымдардың теңіз деңгейін төмендету, каспий итбалығы мен ихтиофаунаның популяциясын сақтау, сондай-ақ Каспий жағалауы мен акваториясын сауықтыру сияқты салаларда зерттеулер жүргізудегі күш-жігерін біріктіру перспективалы болып көрінеді», - деп ұсынды Ол.

1710152930992390.jpg

(Сурет Ақорда телеграм арнасынан алынды)

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢ АЛЫС-БЕРІСІ ҚАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?

Енді екі ел арасындағы алыс-беріске қасқаша тоқтала кетейік.

Әзербайжанның Қазақстан үшін стратегиялық әріптестік ретіндегі маңызы туралы, жалпы екі ел арасындағы парламенттің қарым-қатынас мәселесі жайында сөз ететін болсақ, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың тамыз айынан басталады. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылдың қыркүйек айындағы Әзербайжанға, ал Әзербайжанның бұрынғы Президенті, марқұм Гейдар Әлиевтің 1997 жылдың маусымында Қазақстанға келген сапарынан кейін екі елдің қарым-қатынасы жандана бастады.

2003 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 130 млн ақш долларына жетіп, оның 100 млн-ны қазақстан экспортына тиесілі болды. Келесі жылы Қазақстанда Әзербайжандық кәсіпкерлердің қатысуымен 36 шағын кәсіпорын жұмыс істейді, оның 13-і бірлескен кәсіпорын болып саналағанын жақсы білеміз. Бұның бәрі 2000 жылдардың басындағы цифрлар.

Әзербайжан геосаяси және газ-мұнай саласындағы әріптестік тұрғысынан алғанда Қазақстан үшін маңызды орын алады. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу, мұнайды әлемдік базарға тасымалдау сияқты бірқатар стратегиялық мәселелерді біртіндеп шешу мақсатында Қазақстан мен Әзербайжан әріптестік қарым-қатынаста болуға мүдделі.

Бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынастардың құқықтық базасы 100-ден астам құжатты қамтиды. Олардың арасында экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, өнеркәсіптік меншікті қорғау, байланыс, сондай-ақ, Қазақстан мен Әзербайжанның Ұлттық Банктері арасындағы қаржылық-банктік жүйедегі ақпарат алмасу салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге үлкен маңыз беріліп отыр.

Екіжақты қарым-қатынастың кең ауқымда жүзеге асуына жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер, парламентаралық байланыс, министрліктердің тізе қосып белсенді жұмыс істеуі, өзге де ведомостволар мен БАҚ-тың тиімді әріптестігі әсер етіп отыр. Көп жылдар бойғы байланыс нәтижесінде 100-ден астам екіжақты құжатқа қол қойылды. Екі елдің де маңызды трансконтиненталды көлік-коммуникациялық дәлізде орналасқанын ескере отырып, көлік саласындағы ынтымақтастық туралы ерекше бөліп айтқым келеді. Бұл салада, нақты айтсақ, Каспий маңы халықаралық дәлізі немесе Орта дәліз аталып кеткен аумақта екі тарап табысты жұмыс істеп жатыр.

Қарабақтағы қазіргі ахуалға қазақ жағы өз үлесін қоса бастады. Еліміздің компаниялар да Қарабақтың қайта жаңғыруына өз үлесін қосуға ниет білдіріп, Физули қаласында Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығы құрылысын жүргізіп жатыр.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар