«Азат Ресей» легионы Мәскеуге қарсы жорыққа шықты. Кремль қайтпек?

Кеше кешкілік уақыттан бері Ресей қалаларынан маза қашты. Украина әскері Ресейдің бірнеше қаласына дрондар шабуылын ұйымдастырып, мұнай және жағармай қоймаларына соққы жасады.

1710227705421374.jpg

Ресей Қорғаныс министрлігі аталған ақпаратты растап: «Украина кешеден-бері Ресейдің Мәскеу, Ленинград, Белгород, Курскі, Брянскі, Тула және Орлов облыстарына дрондармен соққы жасауда. РФ Әуе қорғаныс күштері өзұшар дрондардың денін әуеде қағып түсіруде», - деп мәлімдеді.

1710227397414110.jpg

ҚҰЗҒЫНДАЙ ҚАПТАҒАН ДРОНДАР. ӨРТЕНГЕН МҰНАЙ БАЗАЛАРЫ...

Ал әлеуметтік желілер мен телеграм арналарда Ресейдің Орлов, Нижегород облыстарындағы мұнай және жағармай қоймаларына соққы жасалғаны, салдарынан алапат өрт шыққан туралы бейне жазбалар тарауда. Сондай өрттің ең ірісі – Ресейдің Нижегород облысындағы «Лукойл» базасына жасалған соққы болды.

1710227460840632.png

«АЗАТ РЕСЕЙ» ЖОРЫҚҚА ШЫҚТЫ. МӘСКЕУДІҢ МАЗАСЫ ҚАШТЫ

Кешеден-бері Ресейдің мазасын қашырған жалғыз дрондар шабуылы емес. Ресей-Украина соғысы басталғалы-бері құрылып, Украина жағында ұрыс салып жүрген әйдік – «Азат Ресей» легионы және «Орыс еріктілер корпусы» мен «Сібір жасағы» болды.

Бұл үш жасақ әуел-бастан Украина жағында, Ресейге қарсы соғысуда. Бірнеше мәрте Ресейдің Украинамен шекаралас Белгород облысының территориясына өтіп, шекаралас елдімекендерде ойран салған.

Кеше түнде «Азат Ресей» легионы, «Орыс еріктілер корпусы» мен «Сібір жасағы» Ресейдің Белгород және Курскі облыстарының территориясына танктермен кіргенін мәлімдеп, бейне жазба жариялады.

Орыс тілді телеграм арналар аталған легиондар Курскі мен Белгородтағы шекара маңындағы елдімекендердің кейбірін толық бақылауға алғанын, ауыл көшелерінде тарсыл-гүрсіл ұрыс жүріп жатқанын жазуда. Олар Украина аумағы арқылы Белгород облысына кіріп, шекаралас орналасқан бірнеше әскери бекетке соққы жасап, ауылдық аймақтарды өз бақылауына алуға тырысуда.

«АЗАТ РЕСЕЙ» ЛЕГИОНЫНЫҢ РЕСЕЙ ХАЛҚЫНА ҮНДЕУІ

«Азат Ресей» легионы Ресей халқына үндеу жасап, бейне жазба жариялады. Онда:

«Құрметті отандастар!

Белгородтан бір кездері бауыр-дос болған Харьковке зымырандар ұшып жатқанда, Мәскеу мәз болды.

Шекаралас елдімекендер Путин саясатына жауап ретінде жан алысып, жан берісіп атысып жатқанда, Мәскеу үнсіз болды.

Сіздерді өз үйлеріңізден жырақтағы майдан даласына борша-борша ет қылу үшін автозагтарға тиеп, алып кетіп жатьқанда, Мәскеу миығынан күліп отырды.

Біз сіздерді жер бетін жоқ қылып жіберу үшін, қырып-жойып, өлтіру үшін, жазалау үшін келмейміз! Біз сіздерді азат ету үшін келеміз! Сіздерді жоқшылықтан, кедейлік пен қорқыныштан азат етуі үшін келе жатырмыз! Билікті басып алған террорлық ұйымның диктатурасынан азат ету үшін келеміз!

Сіздің бала-шағаңызда заманауи білім мен болашақ үшін келеміз!

Таңдауы жоқ сайлауды жою үшін, санкциясыз өмір құру үшін, репрессиясыз өмір үшін келеміз! Ең бастысы – соғыссыз өмір үшін келе жатырмыз!

Путин билікті 20 жыл жекешелеп алды. Ал соңы не болды? Санкция, экономикалық тұралау, қанқасап соғыс.

Бұл соғыс 400 мыңнан аса Ресей ер азаматтарының өмірі мен денсаулығын жалмады. Путиннің саяси бәсекелестері өлтірілді. Ресей жаһандық аренада толықтай шеттетуге тап келді.

Путиннің жеңісі – Гелинжик пен Нова-Огарьевадағы зәулім сарайлар ғана болды. Сөйте тұра, Птуин тағы бір мерзім сайлауға қатысып, өле-өлгенше билікте болғысы келеді.

Біз бұған жол бермейміз! Біз де сіздер секілді Ресейліктерміз! Біздің де өз пікірімізді айтуға, таңдауымызды жасауға құқымыз бар!

Біз қандықол диктаторды Ресей президенті деп мойындамаймыз! Біз Путин Нова-Огарьевадағы сарайынан Сібірдегі «Поляр қасқыры» түрмесіне көшуі үшін барлығын жасаймыз.

«Легион» сайлауға бара жатыр! Күтіңдер бізді!», - делінген.

«СІБІР ЖАСАҒЫНЫҢ» РЕСЕЙ ХАЛҚЫНА ҮНДЕУІ

Ресей территориясына кіріп, шекаралас аймақтарда ұрыс жасап жатқан тағы бір жасақ – «Сібір жасағы» да Ресей халқына үндеу жасап: «Сайлауға барып, дауыс бермеңдер! Оданда біздің қатарымызға қосылыңдар. Қорықпаңдар! Біз Ресейді диктатор билігінен азат етеміз», - деп жатыр.

Ресей Қорғаныс министрлігі Украина тарапынан дрондар шабуылы болып, бірнеше өңірде мұнай базаларында өрт шыққанын ресми растағанымен, «Азат Ресей», «Орыс еріктілері корпусы» мен «Сібір жасағының» Ресей территориясына басып кіргені туралы әзірге ешқандай ақпарат таратпады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар