«Ешкімнен қорықпайтын» Жапаров: ОА-ға радикализм қаупі күшейді

Бүгін Қырғыз Парламенті Ресейден көшірілген «шетелдік агент» туралы заңды үшінші оқылымда мақұлдады. Ал Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «24.kg» мемлекеттік агенттігіне сұхбат беріп, Қырғызстандағы ықтимал митингілер туралы сыбыстарға түсінік берді.

1710414907823737.jpg

Бүгін осы тақырыптарды оқырман талқысына егжей-тегжейлі тарқатып, ұсынғанды жөн санадық.

ЖАПАРОВ: МИТИНГІЛЕРДЕН ҚОРЫҚПАЙМЫН!

1710414604694729.jpg

(Сурет Қырғыз президентінің баспасөз қызметіне тиесілі)

Қырғыз президенті Жапаров митингілерден қорықпайтынын айтып, акцияға шыққысы келетіндерді ескертіп, жауап қатал болатынын атап өтті.

«Мен митингіге жеке мүдделерін іске асыруға келгендерді көргенде қашып кететін немесе жасырынатын адам емеспін. Егер мен мемлекетті тонап, жақындарымды жақсы жұмысқа орналастырып, республиканы дағдарысқа ұшыратсам, қорқар едім. Керісінше, мен және менің командам күні-түні талмай жұмыс істейміз. Біз елді батпақтан әрең шығардық», - дейді Жапаров.

1710414676504933.jpg

(Сурет видео скрині)

БАТЫС ҚЫРҒЫЗСТАНДА ТӨҢКЕРІС ДАЙЫНДАП ЖАТЫР МА?

Ал «Кешкі Бішкек» басылымы: «Батыс Қырғызстанды төңкеріске дайындауда», - деп материал жариялаған.

Онда: «РФ мен Қырғызстанның қазіргі жақындасуы Батыс үшін тамаққа тірелген қылтанақ іспетті. Және оны алып тастау үшін АҚШ  президент Жапаровты құлатуға үміттенетін сияқты. Осылайша олар ел басшылығын шетелдегі қожайындардың барлық нұсқауларын тыңғылықты орындайтын марионеткаға ауыстырғысы келеді», - деп жазылған.  

Өткен жылдың маусым айында Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деп күдік туғызған 30-дан астам адамның ұсталған. «Кешкі Бішкек» басылымы осы жағдайды өз риторикаларының дәлелі ретінде көрсетеді.

«Тағы бір фактор - елге «түрлі-түсті революция» отын өртеуі тиіс белсенділердің қызметіне ақы төлеуге арналған «АҚШ доллары ұшақтармен әкелінеді», - дейді басылым.

Тақырыпқа тұздық: Өткен жылы 28 қарашада Қырғызстан Министрлер кабинетінің баспасөз қызметі елдің ЖІӨ $11 млрд-қа дейін көтерілгенін хабарлады. Мұндай өсімнің бір себебі - Украинамен соғыс басталғаннан кейін Еуропадан Қырғызстан арқылы Ресейге жеткізіліп жатқан жасырын экспорт.

ЖАПАРОВ: АҚШ ІШКІ ІСІМІЗГЕ АРАЛАСПАСЫН!

Соңғы уақыттары Қырғыз билігі АҚШ-қа қарата бірнеше мәрте сөзталасқа түсті. Жақында Бішкек аудандық соты АҚШ үкіметі қаржыландыратын «Азаттық медиа» радиосының қырғыз қызметін жабу туралы шешім қабылдады. АҚШ Қырғыз сотының шешімін «Қырғызстан үкіметінің еркін және тәуелсіз БАҚ-қа айқын шабуылы» деп атап, наразылық білдірді. Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Сұлтанбаев бұған жауап ретінде АҚШ-ты республиканың ішкі істеріне араласпауға шақырды.

1710414761435839.jpg

(Сурет: lifenewsuz.com)

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ОСЫ ЖАЗДА «ЖАРЫЛАДЫ»

«Батыс Қырғызстанды төңкеріске дайындауда», - деп дабыл қаққан «Кешкі Бішкек» онан соң: «Орталық Азия осы жазда «жарылады», - деп жазды.

«Орталық Азияда, оның ішінде Қырғызстанда радикалды исламизмнің танымалдығы артып келеді. Оның басты мақсаты өңірдің зайырлы үкіметтерін құлату және шариғат негізінде біртұтас ислам тоталитарлық мемлекетін құру болып табылады», - деп жазады «Кешкі Бішкек» газеті.

Басылымның хабарлауынша, «жаһандық ойыншылар ОА-дағы тұрақсыздықты АҚШ-тағы президенттік сайлауға дейін бастауды жоспарлап отыр».

«Қауіп бірінші кезекте Ауғанстаннан туындайды. АҚШ кеткеннен кейін онда $16 млрд. жуық қару-жарақ қалды. Талібтердің қаражатының жетіспеушілігі олардың қаруды қара нарықта сатуына алып келеді. Нәтижесінде ол өздеріне бағынбайтын, мысалы, ДАЙШ, Әл-Каида және Шығыс Түркістан қозғалысы сияқты террористік ұйымдардан шығады. Джихадистік арнайы жасақтың жұмылдыру топтарының басып кіруі – Орталық Азия ішіндегі «ұйықтап жатқан» ұяшықтарды оятуы мүмкін. Мұндай ваххабистік ұяшықтар Қырғызстанда да аз емес», - деп мәлімдеді басылымға Орталық Азия бойынша сарапшы Марс Сариев.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар