Ресей тарапында соғысқан жендет: Дрондардың шабуылы...бұл нағыз тозақ еді!

Ресей мен Непал арасындағы дау өрши түсті. Непал билігі Ресей Непал азаматтарын соғыста тартуда деп айыптауда. 2023 жылдың соңында жүздеген непалдықтың Ресеймен келісім жасасып, соғысқа аттанғаны белгілі болды. Ақпарат көздері олардың санын 2000 адам деп көрсетті. Алайда шынайы санды нақты дөп басып айту қиын. CNN басылымы 15 мың непалдық соғысқа аттанды деген ақпаратты келтірген болатын. 


CNN: Россия завербовала до 15 тысяч непальцев на войну против Украины |  Украинская правда

 

Sky News басылымы Ресей тарапында соғысып жатқан непалдықтарға қатысты арнайы зерттеуін жариялады. Басылым соғыстағы непалдықтардың жақындарынан және майдан даласынан сытылып шыққандардан сұхбат алған.

 

Sky News басылымы Донецк бағытында төрт жарым ай соғысып, еліне қайту мүмкіндігіне ие болған 35 жастағы Ганеш есімді непалдықпен сұхбат ұйымдастырған. Сұхбат барысында непалдық майдан даласындағы жағдайдың қиын екенін айтқан. Ол тілді жетік білмегені үшін бұйрықтарды дұрыс түсінбегенін, өзге сарбаздар тарапынан ұрып-соғу жиі болғанын және азық-түлік жетіспегенін айтты. Мақсатсыз шабуылдар саны көп болды дейді ол.

 

«Бұл нағыз сұмдық еді, нағыз тозақ еді. Бұл адам мен адамның, оқ пен оқтың соғысы емес. Бізді дрондар шабуылдады, нағыз сұмдық көрініс еді», - дейді непалдық.

 

Ганештің сөзінше ол майдан даласында қаза тапқан үш непалдықты көрген. Алайда олардың саны әлдеқайда көп дейді ол.  

 

2023 жылдың желтоқсанында Непал билігі Ресейге үндеу жасап, қаза тапқан непалдықтарды елге жеткізуін және отбасыларына өтемақы төлеуді талап етті. Непал полициясы арнайы операция жүргізіп, соғысқа адам жинаумен айналысқан 22 адамды тұтқындады. Журналистердің осы тақырыпқа қатысты сауалына Песков "Непал билігінен ресми өтініш келіп түскен жоқ, ал арнайы операцияға қатысып жатқан еріктілерге қатысты сұрақты Қорғаныс министрлігіне жолдаңыздар" деп құтылды. 

 

Непалдағы әлеуметтік жағдайдың төмендігі мыңдаған Непал азаматтарын әлем бойынша түрлі қақтығыстарға қатысуға мәжбүр етуде. Непалдықтардың Таяу Шығыс, Африка және Украина мен оңтүстік-шығыс Азия қақтығыстарына жалдамалы жендет болып барғаны анықталды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар