Флотсыз флотты талқандау: Қолбасшы алмасты

Ресей Теңіз-әскери флотының Бас қолбасшысын алмастырды. Бұл туралы Кронштадттағы Сүңгуір қайықшылар күніне арналған салтанатты жиында белгілі болды. Енді Ресейдің Теңіз-әскери күштерінің уақытша бас қолбасшысы, адмирал Александр Моисеев.


ФОТО) Правозащитник опубликовал фото пожара на крейсере "Москва": Никакого  шторма, никакой буксировки - Nokta

 

Моисеев осы уақытқа дейін Теңіз-әскери флотын басқып келген Николай Евменовты алмастырды. Евменов 2019 жылдан 2024 жылға дейін бес жылға жуық уақыт бойы Теңіз-әскери флотын басқарып келді. Оның қызметінен алыну себебін Қара теңіз флотының үлкен шығынға ұшырауымен түсіндіретін сарапшылар жетерлік. Соғыс басталған сәттен бастап Қара теңіз флоты кемелерінің үштен бірін жоғалтты, ал соңғы бір айда Украина екі кемеге соққы жасаған.

 

Ресейдің МемДума депутаттары Теңіз-әскери флотының қолбасшысын алмастыру Қара теңіз флотының шығындарымен байланысты екенін растады. «Соңғы уақыттағы кемелердің шабуылға жиі ұшырауы осындай шешімге әкелді деп ойлаймын», - дейді қорғаныс комитетінің мүшесі, депутат Виктор Соболев.

 

Моисеев бұған дейін Солтүстік флотты басқарған болатын. 2011 жылы ол сүңгуір қайықтан стратегиялық маңызы бар зымырандарды ұшырып, сынақты сәтті өткізгені үшін «Ресей батыры» атағын алған еді. Моисеевтің жаңа қызметке тағайындалғанын бірқатар ресейлік ақпарат көздері 10-наурызда жазды, дей-тұра Ресей билігі ол ақпараттарға қатысты реакция білдірмеді. 

 

Соғыс басталған сәттен кейін Ресей Қара теңізде 20-дан астам кемесінен айырылды. Оның ішінде «Мәскеу» крейсері мен сүңгуір қайық та бар. Oryx зерттеуі бойынша соғысқа дейін Қара теңіз флотында 74 кеме болса, қазір оның саны 51-ді құрайды.

 

Наурыздың басында Шойгу кемелердің қорғанысын күшейтуге қатысты тапсырма берді. Ол теңіз дрондары мен зымыран шабуылынан қорғану мақсатында кемелердегі Әуе қорғаныс жүйелері мен үлкен калибрлі пулеметтер санын арттыру керектігін айтты.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар