Сарапшылар: Путин Харьковты басып алмақ

Ресей әскері шабуылды үдетуге ниетті. Бұл туралы ISW сарапшылары мәлімдеді. Ендігі таңда Ресей президенті Владимир Путиннің ойы Донбассты толық алып, Харьковке қарай беттеу дейді олар.


Главные события 2022 года в Харькове и Харьковской области

 

«Путин Украинадағы қару-жарақ тапшылығы мен АҚШ-тың әлі көмек пакетін мақұлдамауын тиімді пайдалануға тырысады. Ол Киевтегі снаряд тапшылығын жақсы біледі және Батыс тарапынан уәде етілген снарядтар кешіктіріліп жатқанын көріп отыр. Украинаға қажетті қарудың кешіктірілу сәтінде Ресей Харьковке қарай жылжуды ойластыруы мүмкін», - дейді сарапшылар.

 

«Қажет болатын болса мобилизация жасайды. Қажет болса Ресей экономикасын тіпті әскери бағытқа қояды. Путин принципке салып отыр және Харьковты орыс қаласы деп санайды. Ол Ресей шекарасының түбінде тұрған Харьковтың әлі де Украина қарамағында екеніне наразы», — дейді ISW сарапшылары.

 

«Медуза» сайтына атын жасырын қалдырып пікір білдірген Ресей президент әкімшілігінің екі қызметкері де ISW сарапшыларының пікіріне ұқсас ой айтты. Олар Путиннің Харьковты алып, соғысты аяқтауға тырысатынын жеткізген. Бұған дейін Путин Белгородты атқылауды тоқтату үшін Украинаның әскерін Ресей шекарасынан шегіндіру қажет екенін айтқан болатын. Қазіргі сәтте Ресей жеріне бағытталған әскери рейдтер мен Белгородты соққы астына алу операциялары Харьков облысы арқылы іске асуда.

 

Ресей Харьков облысы мен қаласын басып алуды ойластырып, 2022 жылы облыстың 40 пайызға жуық аумағын оккупациялады. 2022 жылдың көктемінде қалаға кіріп, бірнеше мәрте басып алу әрекеттерін де іске асырды. Алайда қаланы алу әрекеттері сәтсіз аяқталды, ал 2022 жылдың қыркүйегінде Украина Харьков облысының басым бөлігін азат етті. Сарапшылар Харьковты алу үшін Ресейге кемі 150 мың әскерді мобилизациялау қажеттілігін айтуда. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар