Путиннің арты диірмен тартып, Диас желідегі сөзі үшін жазаланды

Мемлекеттік тілдің мәртебесі үшін Толқын Мұхтарханова қазақ тілінің құқығын шектегені үшін «Miele» ЖШС және «Мечта» компаниясымен соттасып, жеңіп шыққандығы ана тіліміздің төр оза бастағанын көрсетеді.

1711615375194080.jpg

Осының бәрі қалай басталып еді. Жұрттың бәрі көздің жасын сығып, зар жылап жүргенде батыл әрекетке барған «Тіл патрулі» қозғылысы билікті де, тіпті ұрынарға қара таппай жүрген «орыс әлемі» иделогтарында ұйқысынан шошып оянтқаны жасырын емес.

«Қаңтар оқиғасы» қазақ тілі мен мемлекет тұтастығы тек қазаққа ғана керек екенін жаһанға паш етті. Бұрынғы ұлт үшін күрескендер енді орыс және қазақ тілді қандастарымыз арасында шынайы құрметке ие бола бастады. Әлемжелі мен отандық БАҚ «Тіл патрулі» белсендісі, белгілі блогер Диас Құзайыров әлеуметтік желіде тікелей эфирде Путинге қатысты айтқан сөзі үшін жазаланды деп жаза бастады.

Путинге қарата Диас Құзайыровтың әлеуметтік желіде тікелей эфирде айтқан сөзі құзырлы органдар әлеуметтік желілерге тексеріс жүргізу барысында анықталып, нәтижесінде Диас бауырымыз ҚР ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылса да сотта өз кінәсін еш мойындамады.

«25 наурызда көлігімде отырған кезде тікелей эфирге шықтым. Стрим кезінде «Путин құйло» дедім. Бірақ «құйло» сөзі былапыт сөз емес, қазақ тілінен аударғанда «құй, құю» дегенді білдіреді. Қазақ тіліндегі бұл сөз балағат сөз болып саналмайды», - дейді белсенді.

Диас бұған дейін әлеуметтік желідегі парақшасында сот процесі туралы:

«Менен қандай сөз айттың?» деп сұрады. Қазақ тілінде «құю, құйло» деген заңды бұзатын сөз емес, әдеби сөз. Мен «сот мемлекеттік тілде болсын» дедім. Сот қазақ тілінде болып жатыр. ...Сот дұрыс шешім қабылдайды деп ойлаймын», - деген болатын.

Ізін ала белсенді өзінің 15 тәулікке қамалатынын айтты.

«Кінәлі деп шешім шығарды. 15 тәулікке жабады. «Кінәлісіз, біз жаман сөз естідік» деді. Мен «құй» деген қазақтың сөзі бар» дедім. Осындай шешімдер қабылдайды біздің соттар», - дейді Диас.

Осыдан кейін барып: «Біздің билік кімге қызмет етеді: қазаққа ма, әлде Путинге ме деген ойға қалады екенсің?!»

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар