«Алабұғаның» астаң-кестеңі шықты. Татарстан дрон соққысының астында қалды...

Ресей құрамындағы федералды субьект саналатын Татарстан жойқын соққының астында қалды.

1712040663927991.jpg

Украина ҚК Бас басқармасы Татарстанның «Алабұға» деп аталатын арнайы экономикалық аймағына камикадзе дрондар арқылы соққы жасады. Шабуылға жарылыс қуаты күшті дрондар қолданылғанын әлеуметтік желідегі тарап жатқан бейне жазбалардан байқауға болады.

Украина тарабының мәліметінше, соққы Татарстанның «Алабұғасында» орналасқан «Shahed» дрондарын құрастыратын зауытқа жасалған. Ресей тарабының мәліметінше, бүгінгі соққыдан жеті адам зардап шеккен, олардың үшеуі ауруханаға жатқызылған. Зардап шеккендер саны көп болуы мүмкін. Ресей таратқан тағы бір ресми ақпарат: Соққы «Алабұғамен» қатар «Нижекамскі» технологиялық өндірісіне де жасалған.

Бүгін соққы жасалған нысан Украина шекарасынан 1000 шақырым қашықтықта орналасқан. Ресейлік телеграм арналар соққының «UJ-22» өзұшар дроны арқылы жасалғанын жазуда. Бұл дрон Украина ҚК арсеналында 2020 жылдан бері бар және ол 20 кг жарылғыш зат көтеріп ұша алады.

Татарстанға темірқұстар шабуылы нақты қандай дрондармен жасалғаны жайлы Украина барлауы ешқандай мәлімет таратқан жоқ. Бар болғаны «Shahed» дрондарын құрастыратын зауытқа соққы жасалғаны ғана айтылды.

«Алабұғада» Иранның «Shahed» дрондарын құрастыратын зауыт құрылысы қолға алынғанын осыған дейін «Ғылым және халықаралық қауіпсіздік» Институты (ISIS) хабарлаған еді. «ISIS» өз баяндамасында, 2023 жылдың басында «Алабұғадағы» осы зауытта Ираннан әкелінген дрондарды құрастыру, ал 2023 жылдың аяғына таман дрон компоненттерін өздері өндіріп шығару жаспарланғанын айтқан. Ал 2024 жылдан бастап «Алабұға» зауыты соққылаушы дрондарға қажетті барлық компонентті өздері шығармақ болған. Соның ішінде, қозғалтқыштар мен бағыттаушы модульдерді де осы зауытта әзірлемек болған. Зауыт жоспарында, айына 226 дрон дайындап шығаруы тиіс-тін.

Биыл ақпанда АҚШ Қаржы министрлігі Ресейге қарсы кезекті санцкциялар пакекетін әзірлеген. Соның ішінде, дәл осы «Алабұға» экономикалық аймағына да санкция салынған. Санкция салудың басты себебі – «Алабұғада» Иранның «Shahed» дрондары құрастырылатыны болған.

Соңғы айларда Украина Ресейдің бірсыпыра инфрақұрылымдық нысандарына соққыны еселеді. Атап айтқанда, МӨЗ-дер мен мұнай базаларына... Ал «Washington Post-қа» сұхбат берген президент Зеленский: «Біз өзімізде бар дрондарды қолданып жатырмыз. Және ешкімнің бізге нені соққылауға болады, нені болмайды деп нұсқауға қақысы жоқ. Біз жаудың кез келген нысанына соққы беруге қақылымыз», - деп сөйлеген.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар