Соққы астындағы Ростов, қауіп төнген Мурманск

Ресейдің Ростов облысындағы Морозов ауданына жаппай дрондар шабуылы болды. Әлеуметтік желіде жарылыстар,  Әуе қорғаныс жүйесінің жұмысы және үрейленген халықтың айғай-шуы бейнеленген көріністер жариялануда.  


Украинские дроны летят косяками - Коммерсантъ

 

Ресейдің Ростов облысы мэрі түнгі шабуылда 44 дронның көзі жойылғанын айтты. Ол стратегиялық маңызы бар нысандарға зақым келмегенін жеткізіп, бір электр станциясына дрон қалдықтары түскенін мәлімдеді.

 

Морозов ауданында Ресей Әскери-әуе күштерінің 1-гвардиялық авиация дивизиясының 559-шы гвардиялық бомбалаушы авиациялық полкі (РФ Қорғаныс министрлігінің 75392 әскери бөлімі) орналасқан. Аталмыш аудандағы әуежайда Су-24, Су-24М және Су-34 бар. Сәуір айында ғарыштан түсірілген суреттерде әуежайда кемі 30 ұшақтың бар екені байқалады.

 

Ресей Қорғаныс министрлігі тарапынан шабуылға қатысты нақты ақпарат жарияланбады. Ресейдің әскери тілшілері шабуылда әуежайға зақым келмеген дегенді айтуда. Алайда өзге ақпарат көздері дрондардың нысанаға дөп тигенін жазуда.

 

Hromadske басылымы Морозов әуежайына жасалған шабуылда кемі 6 ұшақ жойылып, 8 ұшақ зақымданған деген ақпаратты таратуда. Ресейлік ақпарат көздері шабуылды Украина қауіпсіздік қызметі іске асырғанын айтты. Әскери сарапшылар Украина дрондары радиоэлектронды кедергілерді еңсеру мүмкіндігіне ие бола бастағанын айтуда. Ол үшін дрондарға жасанды интеллект арқылы тиісті ақпарат енгізу тәсілі қолданылуда.

 

BILD басылымының жазуынша 2024 жылы Украина Ресейдің ішкері аймақтарын шабуылдауды арттырып, Мәскеу күтпеген қалалар мен нысандарға соққы жасайтын болады. Бұл үшін Украина кемі 2000 шақырымға ұшатын дрондарды қолданбақ. Басылымның жазуынша қазіргі сәтте Киевке 10 кәсіпорын алыс қашықтықтағы нысандарды атқылауға мүмкіндік беретін дрондарды әзірлеуде. «Луч» әскери қару құрастыру компаниясы «Сокол-3000» атты дронды шығарып, сынақтан өткізуде. Аталмыш дрон 3300 шақырымға ұша алады. «Зымырандар ендігі таңда аса маңыздылыққа ие болмауы мүмкін, олардың орнын дрондар басуда», - дейді құрастырушылар.

 

Украина дрондардың көмегімен Ресейдің алыс солтүстігінде орналасқан әскери нысандарды атқылау мүмкіндігіне ие болмақ. Мурманск облысына дейін жетіп, облыста орналасқан 80 әскери базаға қауіп төндіреді дейді сарапшылар.

 

Сейсенбі күні Украина дрондары алғаш рет Татарстанға соққы жасады. Бұл соғыс басталған сәттен бастап Киев соққы жасаған ең қашық нысан саналады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар