Депутаттар ашулы: "Жау жағадан алғанда...бұлар елдің етегінен тартуда!"

Еліміздегі су тасқыны сәтінде түрлі тұтынушылық тауардың қымбаттауы байқалады. Әлеуметтік желі қолданушылары су тасыған аймақта құм толтыруға қажетті қаптардың бағасы екі-үш есе қымбаттап кеткенін айтуда. Алыпсатарлар арзан бағада сатып алып, аса қымбатқа сатуда дейді қиналған халық. Су басқан аймаққа жақын елді-мекендердегі жалға берілетін пәтерлер құны да шарықтай бастаған.


Самые дорогие авиабилеты в мире

 

Депутаттар мемлекет үшін аса қиын осы бір сәтте әуе компанияларының бағаны шарықтатып жібергеніне наразылық танытуда. Қазіргі сәтте алыс-жақын қашықтыққа ұшатын рейстердің билеттер құны 100-150 мың теңгеге дейін шарықтап кеткен. «Аманат» партиясынан Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев Facebook парақшасына былай деп жазды: «ЖАУ ЖАҒАДАН АЛҒАНДА...әуе компаниялар ит құсап сенделген елдің етегінен тартып, қысастық жасап жатыр!

 

Кеше Атырау облысы, Құлсары қаласын су басып ел абдырап, үй-орманын тастап, жан-жаққа бас сауғалаған қиын кезде Атыраудан Алматы, Астана, Ақтауға ұшатын ұшақ билеттерінің бағасы 4-5 есеге дейін қымбаттап кетті!

 

Бүкіл ел болып Атыраудың жанынан табылып, жаны қалмай көмек беріп жатқанда біздің ынсапсыз, ашкөз әуекомпаниялары табыс табудың, қарпып қалудың қамына кірісіпті.

 

Көлік министрі Марат Қарабаев қайда қарап отыр? Қазақстанда бар болсаңыз, дәл қазір осы посттың астына жауап беріңіз!

 

Халықты ашық тонап жатқан әуе компанияларына неге шара қолданбай, үндемей, бұғып отырсыз?

 

Күні кеше Атырауға Премьер министр ұшып барды, вице премьер Бозымбаев мырза әлі Атырауда жүр - елдің жайын-көзбен көрді бәрі де.

 

Мынадай қиын-қыстау кезеңде азық-түлікті, халыққа қажетті тауарлар бағасын аспандатпай ұстап тұру Үкіметтің басты міндеті емес пе?

 

Әлде, Марат Қарабаев Бектеновке бағынбай ма?

 

Бағынатын болса, Президенттен бастап бірлікке, көмекке жұмылып жатқанда транспорт министрі неге мынадай саботаж жасайды? Қарабаев, қайдасың, жауап күтем!

 

Атырау қаласында төтенше жағдай жарияланып жатыр, менің де жайшылық кездегідей күтіп отыратын бір апта немесе он күн уақытым жоқ!» - деді.


Айдарбек Ходжаназаров отдал свой голос на выборах

 

Ал «Республика» партиясының депутаты Айдарбек Ходжаназаров Facebook парақшасында былай деп жазба қалдырды: «Дәл қазір мыңдаған отандасымыз үйсіз далада қалды. Туыс жағалап, жан қамымен басы қатып жатыр. Топан судан кішкентай балалардың, қаттардың, омырауында сәбиі бар аналардың алған күйзелісін біз айтып жатқан да жоқпыз. Айталық, атыраулықтардың басына ауыр күн туғанда қазақстандық әуе компанияларының тарапынан жасалған баға саясаты ақылға қонымсыз.

 

Мысалы, Атыраудан жақын күндері Алматы не Астанаға, Ақтау қаласына ұшатын ұшақ билеттерінің құны тым қымбат деп санаймын. Меніңше, баға бойынша бір оңтайлы жолдарды қарастыруға болады. Жолаушылардың салығы, қаражаты керек жерде, елдің қиын жағдайына да белгілі бір деңгейде көңіл бөлінуі керек деп ойлаймын.

 

Әлде баға саясатында біз түсінбейтін дүние бар ма? Бұл мәселеге Үкімет те көңіл бөлуі керек! Атыраулықтар, Сіздермен біргеміз!» - депті.

 

Air Astana компаниясы 9 сәуірден бастап Алматыдан Атырауға және кері бағытта қосымша рейстер ашатынын айтты. Алматыдан Атырауға ұшып кету уақыты 17.00-де. Кері рейс 21.15-те жүзеге асырылады.

 

Қосымша рейстерді енгізу туралы шешім Атырау облысындағы су тасқынына орай қабылданған. Сонымен бірге компания түрлі ұйымдар ұсынатын гумкөмекті тегін жеткізуге дайын екенін жеткізді.


Mezgil.kz

 

 

 

 



Ұқсас тақырыптар