Қырғыз, түрік пен әзербайжан көмек ұсынды: Су тасқынына қатысты ахуал қандай?

Еліміздегі су тасқынына қатысты ахуал қандай? Қанша адам қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды? Қанша үй суға кетті? Кімдер көмек ұсынды? Mezgil.kz ақпараттық порталы Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингтен су тасқыны жағдайы бойынша жедел ақпарат ұсынады...

1712570025586131.jpg

Су тасқыны кезеңінің басынан бері 75 982 адам құтқарылды, оның ішінде 18 681 бала бар. Уақытша орналастыру пунктерінде 7 203 адам, оның ішінде 2 794 бала бар. 7 млн текше метрден астам еріген су тартылып, 993 мыңға жуық қап төселді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Сайпаш Ерасыл мәлімдеді.

1712569540364406.jpg

«1739 тұрғын үй мен 1743 аула аумағынан су бұрылды. Авариялық - құтқару жұмыстарына 16 375 адам, 1600-ден астам техника, 377 су айдау құралы және 81 жүзу құралы, 15 әуе кемесі жұмылдырылды», - деді спикер.

Қазіргі уақытта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, ШҚО, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында 3745 жеке тұрғын үй, 421 аула аумағы су астында қалып отыр.

«Шайылған 105 автожол, көлік қатынасынсыз қалған 65 елді мекен бақылауда тұр. Республикалық жедел штабтың бақылауында Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары тұр», - деп түйіндеді спикер

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 8 сәуірдегі сағат 7.00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдарда жалпы ұзындығы 3206 метр болатын жеті учаскеде: Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында еріген қар суы оқиғасы тіркелді. Республикалық маңызы бар жеті облыста (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан) ұзындығы 679 км 14 автожолдарда қозғалыс шектелді. Республикалық жолдарда 305 бірлік техника мен 357 адам жұмыс істейді.

«Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ халықаралық ынтымақтастық және еріктілер бастамаларын дамыту департаментінің басшысы Гүлжамиля Камарова ОКҚ брифингінде еріктілердің жұмысы және су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz. Спикердің айтуынша, республика бойынша 20 волонтерлік штаб жұмыс істейді. Олар өзекті ақпаратты халыққа call-орталықтар арқылы береді. Сондай-ақ, олар өңірлерде еріктілерді үйлестірумен айналысады.

«Өңірлерде гуманитарлық көмек штабы ашылды, онда су тасқынынан зардап шеккен қызыл өңірлерге жөнелтілетін көмек қабылданады және сұрыпталады. Атап айтқанда, 550 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды. Оның 370 тоннасы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жөнелтілді», - деді Гүлжамиля Камарова 2024 жылғы 8 сәуірде.

1712569558912281.jpg

ҚЫРҒЫЗСТАН 300 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ

Қырғыз ағайындар қажетті азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті заттарды жинауға бар-жоғы екі күн уақыт кетті. Жалпы салмағы 300 тонна болатын гуманитарлық жүктің қатарында - отандық өндірістің өнімдері: ұн, күріш, қарақұмық, қант, өсімдік майы және тіпті кәмпит қосылған печенье бар. Бұған ересектерге де, балаларға да арналған киімдер, сондай-ақ жылы көрпелер, матрастар және жеке гигиена заттары кіреді. Барлық гуманитарлық көмек бүгін Бішкек уақыты бойынша түнгі сағат 3-де жолға шыққан 15 көп тонналы жүк көліктеріне бөлінген.

1712569601303887.jpg

ТҮРКИЯ ҚАЗАҚСТАНҒА КӨМЕК ҰСЫНДЫ

Түркия СІМ елдің бірқатар өңірлеріне жаппай су тасқынына байланысты Қазақстанға қолдау білдіріп, көмек ұсынды.

«Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі жойқын су тасқыны туралы хабарға қатты қайғырып, ондаған мың азаматты көшіруге мәжбүр етті», - делінген түрік СІМ мәлімдемесінде.

Ведомствода Қазақстан халқы мен үкіметіне көңіл айтты. Және Анкара су тасқынының салдарын жоюға барлық қажетті көмекті көрсетуге дайын екенін атап өтті.

1712569632769964.jpg

ӘЗЕРБАЖАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖЕТКІЗДІ

Әзербайжан СІМ ауқымды су тасқынына байланысты Қазақстанға көңіл айтты. Су тасқыны салдарынан 3,6 мыңнан астам үйді су басты, 10 өңірде төтенше жағдай жарияланды.

Әзербайжан СІМ Х әлеуметтік желісінде ауқымды су тасқынына байланысты Қазақстанға көңіл айту мақаласын жариялады. Ал Қазақстандағы Әзербайжан елшілігі су басқан аймақтарға 5 жүк көлігіне тиеп, гуманитарлық көмек жеткізді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар