48 сағат: Иран мен Израиль соғыс алдында тұр

Bloomberg басылымы АҚШ барлау қызметінің ақпаратына сүйене отырып, Иранның 48 сағат ішінде Израиль аумағына дрондармен және зымырандармен соққы жасау мүмкін екенін жазды. Басылым Израильдің де Иранға қарымта соққыға дайындалып жатқанын жеткізді.


Израиль готовится к нападению Ирана. Может ли начаться полномасштабная война ?

 

Басылымының жазуынша Иран азаматтық нысандарды атқыламайды және соққыны әскери нысандар мен үкіметтік ғимараттарға жасауы ықтимал. Агенттіктің мәліметінше қазіргі таңда «соққы жасауы мүмкін» деген сұраққа қарағанда «қашан соққы жасайды» деген сұрақ әлдеқайда өзекті. Себебі Тегеран Дамаскта қаза тапқан генералдары үшін қатаң жауап беруге нақты шешім қабылдаған деп баса айтуда.

 

Батыс барлау қызметтері Иранның шабуылды қай нұсқада жасайтынына болжам жасауда. Тегеранның проксиі саналатын «Хезболла» арқылы Израильге жауап қатуы мүмкін дейді әскери сарапшылар. Алайда бұл Израиль-Ливан соғысына ұласуы ықтимал. Иран өзінің әскери күшімен Израиль аумағына осы уақытқа дейін шабуыл жасаған емес. Тегеран өзіне бағынышты проксилер арқылы жауап қатып келген болатын.

 

CNN арнасы да Иранның Израиль аумағына соққы жасайтынына сенімді. 1-сәуір күні Израиль Дамасктегі Иран елшілігінің жанындағы ғимаратқа соққы жасап, Иранның 7 офицері қаза тапты, олардың ішінде екі генерал бар. Тель-Авив аталмыш шабуылға қатысы барын ресми мойындаған емес.

 

Шабуылда Иранның бригада генералы Мохаммад Рева Захеди қаза тапты. Ол Ливан және Сириядағы «Әл-Құдыс» арнайы жасақтарына басшылық еткен болатын. Соққыда оның орынбасары Мохаммад Хади Хаджи Рахими мен өзге бес офицер опат болды.

 

Times of Israel басылымы Захедидің өлімін 2020 жылы АҚШ-тың әуе шабуылынан опат болған Сүлейманидің өлімімен салыстыруда. Иран «шабуылға қатысы бар Израильді қатаң жазалаймыз» деп ресми мәлімдеді.

 

Қазіргі сәтте Иран мен Израиль әскери күштері толық соғыс жағдайына келтірілді. АҚШ Израильді қолдайтынын мәлімдесе, Иранның СІМ басшысы араб елдерінің басшыларымен телефон арқылы сөйлесіп, жағдайды талқылауда. Сарапшылар Израиль жауап соққы ретінде Иранның ядролық нысандарын жоюы мүмкін екенін айтуда. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар