Ереван сапары: «Біз ЕАЭО-ны саясиландыруға қарсымыз!»

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияға, Ереванға сапарлап барды. Армения премьері Никол Пашинян бастаған бірсыпыра лауазымды тұлғалармен келіссөздер жүргізді.

1713180979397925.jpg

Аталған сапарда қандай сөздер айтылды? Қандай келісімдер жасалды? Бүгін осы сұрақтар төңірегінде шолу жасадық.

1713180550766195.jpg

(Сурет Ақорда телеграм арнасынан алынды)

ЕРЕВАН САПАРЫ: НЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ?

Ереванға сапарлап барған Қазақстан президентін ресми күтіп алу рәсімдерінен соң, екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

Тоқаев: Бұл ресми сапарына ерекше мән беретінін және оны екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың маңызды кезеңіне жол ашатынын атап өтті. Екі ел арасындағы байланыстардың барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты арттыру үшін мол әлеует бар екенін айтты.

Пашинян: Өзара байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, армян-қазақ қатынастарын жаңа деңгейге көтеру үшін бірлесе әрекет етуге дайын екенін мәлімдеді.

Талқыланған тақырыптар: сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, инвестициялық, өңірлік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері, өңірлік тұрақтылық және қауіпсіздік мәселелері.

1713180618712633.jpg

(Сурет Ақорда телеграм арнасынан алынды)

ҚАНДАЙ КЕЛІСІМДЕРГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ?

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісім;

3. 2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама;

4. Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасының авиациялық биліктері арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы әкімінің аппараты мен Армения Республикасы Армавир облысының Әкімшілігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

6. Қазақстан Республикасының Шымкент қаласы мен Армения Республикасының Ванадзор қаласы арасындағы ынтымақтастық және бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандум;

7. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігі арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;

8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасы;

9. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Армения Республикасының Жоғары технологиялық индустрия министрлігі арасындағы ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум;

10. Астана мен Ереван арасындағы бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандум.

АЛҒАШҚЫ САПАР: ТОҚАЕВ НЕ ДЕЙДІ, ПАШИНЯН НЕ ДЕЙДІ?

Бұл Қазақстан президеніт Қасым-Жомарт Тоқаевтың Арменияға жасаған алғашқы ресми сапары. Ал Қазақстан мен Армения «Достық пен ынтымақтастық» туралы шартқа 25 жыл бұрын қол қойған. Бірлескен баспасөз жиынында екі ел басшылары не деді?

1713180721384401.jpg

(Сурет Ақорда телеграм арнасынан алынды)

Тоқаев: АРМЕНИЯ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ҚАПҚАЗДАҒЫ МАҢЫЗДЫ СЕРІКТЕСІ

«Біздің қарым-қатынасымыз мызғымас достыққа және өзара қолдауға негізделген. Екіжақты байланысты жандандыру – ортақ мақсатымыз. Біздің аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті, өзара ықпалдастықты нығайту жолындағы мұратымыз – бір. Біз Армениямен жан-жақты әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделіміз. Сондықтан мен үшін бүгінгі сапардың мән-маңызы айрықша», – деді Президент.

Тауар айналымы туралы:

«Тауар айналымын ұлғайтуға серпін беретін жаңа бағыттарды іздестіру керек деген ортақ пікірге келдік. Экспорттық-импорттық тауарлар номенклатурасын кеңейту үшін нақты шаралар қабылдауымыз керек. Ол үшін қолда бар мүмкіндікті барынша тиімді пайдалану қажет. Қазақстан Арменияға шығарылатын экспорт көлемін 350 миллион долларға жеткізуге дайын», – деді Тоқаев.

Геосаяси ахуал туралы:

«Бұл, әсіресе, қазіргі күрделі геосаяси және геоэкономикалық ахуал кезінде аса өзекті. Осы бағыттағы жұмыс Үкіметаралық комиссияның жіті бақылауында болады. Бұған қоса бизнес-миссиялардың барыс-келісін жандандыра түсуіміз керек. Бұл қадам Іскерлік кеңестің тез арада құрылуына ықпал етеді, екі елдің бизнес өкілдері арасындағы байланысты күшейтеді. Сондай-ақ инвестициялық қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оңтүстік Қапқаздағы көлік байланысы туралы:

«Бұл ретте құрметті Премьер-министр Никол Пашинянның «Бейбітшілік торабы» бастамасына оң көзқараспен қараймыз. Сонымен қатар біз екі елдің астанасы мен басқа да қалалары арасында тікелей әуе рейстерін ашу туралы бастаманы қолдадық.

Агроөнеркәсіп саласындағы тауар түрін көбейту және оларды жеткізу мәселелерін талқыладық. Сондай-ақ Цифрлық технология бойынша ынтымақтастықты дамыту қажет. Қазақстан армениялық серіктестерімен осы маңызды салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр», – деді Мемлекет басшысы.

Мәдени-гуманитарлық байланыстар туралы:

«Биыл Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері өтеді. Бұл маңызды іс-шара халықтарымызды жақындата түсетіні сөзсіз. Әсіресе, рухани байланыстарымызды жандандырмақ.

Сондай-ақ құрметті Армения Премьер-министрімен Ереван қаласы көшелерінің біріне ұлы Абайдың есімін беру туралы келісімге келдік. Ал Астананың бір көшесіне армян әліпбиінің негізін қалаушы, әулие Месроп Маштоцтың аты берілетін болды. Оған қоса армян қарпімен жазылған қыпшақ тіліндегі қолжазбаларды зерттейтін ғылыми топ құру туралы бастаманы құптадық. Оны Еуразия ұлттық университеті және Ереван мемлекеттік университеті бірлесіп жүзеге асырады», – деді президент Тоқаев.

Жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер туралы:

«Қазақстан мен Армения көпжақты құрылымдар аясында тиімді ынтымақтастықты жалғастырып келеді. Елдеріміздің өңірлік және халықаралық деңгейдегі көптеген өзекті мәселелерге қатысты ұстанымдары – ұқсас. Бастамаларымызға өзара қолдау білдіру дәстүрге айналды. Мұны зор ризашылықпен атап өткім келеді», – деді Қазақстан Президенті.

ҚАЗАҚСТАН АРМЕНИЯ МЕН ӘЗЕРБАЙЖАНДЫ ТАТУЛАСТЫРУ ҮШІН ӨЗ АЛАҢЫН ҰСЫНАДЫ

«Біз алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істеуге, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту үдерісіне белсене атсалысуға келістік. Біз Армения мен Әзербайжанның бейбітшілік шартын жасауға ұмтылысын толық құптаймыз.

Құрметті Премьер-министр мырза жаңа ғана айтқандай, Қазақстан барынша қолдау көрсетіп, ізгі қызметтер миссиясын қолға алуға дайын. Яғни, екі ел арасындағы келіссөздерді жүргізу үшін өз алаңын ұсынады. Ең басты мақсатымыз – біздің достас елдерімізді жақындастырып, мызғымас тату көршілікке, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақты дамуға жол ашу», – деді Президент.

1713180773684001.jpg

(Сурет Ақорда телеграм арнасынан алынды)

Пашинян: БІЗ ӨЗ КҮШІМІЗДІ ТОЛЫҚ ПАЙДАЛАНА АЛМАЙ ОТЫРМЫЗ...

«Біздің жоғары деңгейдегі диалогымыз жаңа ғана қол қойған бірлескен мәлімдеме арқылы расталды. Мұның екіжақты қарым-қатынастарымызды одан әрі дамытуда маңызы зор. Шынайы әрі өзара тиімді байланыстарды нығайту жөніндегі ұстанымы үшін қазақ делегациясына алғыс айтамын.

Біз көпжақты күн тәртібін одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін айқындадық. Сондай-ақ жаңа жобаларды, соның ішінде көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі өркендету перспективаларын нақтыладық. Біз тауар айналымының тұрақты өсіміне қарамастан, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін әлеуетіміздің толық пайдаланылмай отырғанымен келісеміз», – деді Армения Үкіметінің басшысы.

Осыдан соң Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Парламентінің төрағасымен, Армения Президентерімен жолықты.

1713180850651270.jpg

ПАШИНЯННЫҢ СҰХБАТЫ: ҚАЗАҚСТАН МЕН АРМЕНИЯ ЕАЭО-НЫ САЯСИЛАНДЫРУҒА ҚАРСЫ!

Айтпақшы, осы сапар алдында Армения премьері Никол Пашинянның Армения мен Қазақстан туралы сұхбаты «Егемен Қазақстан» гәзетінде жарияланды. Онда Пашиян бірсыпыра мәселелелерге тоқталған.

Аталған сұхбатта Армения премьері Пашинян: «ЕАЭО – экономикалық бірлестік. Ешқандай саяси және геосаяси ұйым емес. Біз ЕАЭО-ны саясиландыруға қарсымыз. Бұл тұрғыдан Арменияның да, Қазақстанның да пікірі ортақ», - деді.

Пашинянның пікірінше, ЕАЭО өзінің экономикалық сипатынан айнымауы, саяси амбициядан бас тартуы тиіс.

Президент Тоқаевтың Ереванға жасаған осы жолғы сапары туралы БАҚ жан-жақты жазып жатыр. Солардың бірсыпырасы: «Жабық есік жағдайында Тоқаев пен Пашинян Ресей президенті Путинмен әріптестіктің жай-жапсары және ҰҚШҰ мен ЕАЭО-ға Арменияның мүшелігі туралы мәселені талқылайды», - дейді.

«Қазақстан мен Арменияның арасындағы экономикалық байланыстар салыстырмалы түрде әлсіз болғанымен, оларды біріктіретін бір мәселе бар. Ол – Ресеймен байланыс. Армения да, Қазақстан да Ресеймен байланыстары үшін қазір АҚШ пен Батыстан қысым көруде.

Тоқаевқа Армения мен Әзербайжан арасындағы дауды реттеуге үлес қосу маңызды. Себебі Әзербайжан қазаққа туысқан халық. Ал Армениямен бір әскери және экономикалық одақта. Сөзсіз Астана екеудің біреуін таңдауға құлықты емес. Қазақстанның сыртқы саясаты «барлығымен келісуге болады» деген принципке түзілген», - дейді «Eurasian Expert Council Foundation» сарапшылары.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар