Иранның шабуылы: AEGIS жүйесі, Түркиядағы радар, әуедегі F-35

Иранның Израильге жаппай зымыран және дрон соққысын тойтаруға АҚШ-тың әскери ұшақтары мен әуе қорғаныс жүйелері қатысты. Әскери сарапшылар шабуылды тойтарып, зымырандарды және дрондарды қағып түсіруде ерекше нәтиже көрсеткен қару түрлерін атады.


Иран помогал готовить нападение на Израиль в течение нескольких недель — WSJ

 

Иран зымырандары мен дрондары Иордания, Ирак, Сирия, Израиль әуе кеңістігінде атып түсіріліп, Таяу Шығыстағы ең үлкен әуе ұрысының бірі болды. Сарапшылар АҚШ-тың Таяу Шығыстағы серіктестерін қорғауға арналған әуе қорғаныс жүйелерінің алғаш рет ауқымды шабуылға қарсы тұрғанын жазуда. Вашингтон орналастырған әуе қорғаныс жүйесі Ираннан ұшып шыққан дрондар мен зымырандарды мыңдаған шақырымда анықтап, ұшу траекториясына сараптама және бақылау жасап, артынша оны тоқтату амалдарын жасайтын жүйелерден құралған.

 

НАТО сарапшылары зымыранның ұшып шығуын ерте анықтау жүйесімен қамтамасыз етілген радарлардың жұмысын жоғары бағалауда. АҚШ-тың аймақтағы теңіз әскери күштерінде орналастырылған AEGIS әскери жүйесі шабуылды тойтаруда тиімді нәтиже көрсеткен.

 

AEGIS әскери жүйесі күрделі бірнеше құрылымнан тұрады. Жүйеде бақылау-барлау қызметі бар. Ақпараттар компьютерлік құрылғылар арқылы дер кезінде өңделіп, зымыранды қағып түсіру бөлімшесіне хабар береді. Хабарды алған Мк 41 зымыран ату құрылғысы әуе нысандарын қағып түсіру үшін Standard Missile 2 (SM-2) және Standard Missile 3 (SM-3) зымырандарын атады. AEGIS жүйесі АҚШ-тың крейсерлері мен эсминецтерінде орналастырылған. АҚШ өзінің және одақтастарының әуе кеңістігін қорғауда AEGIS жүйесінің маңызды екенін атап өтті. Жүйе тек қана кемелерде емес, сонымен бірге құрлықта да орналастырылған. Қазіргі уақытта Польша және Румыния әуе кеңістігін қорғау үшін аталмыш жүйелер орналастырылуда.


США проведут первые испытания боевой системы Aegis и ракетных перехватчиков  SM-3 Block IIA на Гуаме для защиты от баллистических, крылатых и  гиперзвуковых ракет | gagadget.com

 

AEGIS әскери жүйесінің аса маңызды бөлігі AN/SPY-1 сезімтал радары болып табылады. Радар 320 шақырым радиустағы нысандарды анықтап, нысандардың қозғалу жылдамдығын бақылайды. Ақпарат AEGIS әскери жүйесінің орталығына беріліп, нақты шешім қабылданады. Радар бір мезетте 300 нысанды бақылауға және AEGIS арқылы 18 зымыранды атуға қабілетті. АҚШ спутниктері мен радарлары мыңдаған шақырымдағы ұшып шыққан зымыранды бірнеше секундта анықтауға қабілетті сезімтал датчиктермен жарақтанған. Иранның зымырандарын анықтауға арналған зымыранға қарсы жүйенің бірі Түркияның Малатья аймағындағы Кюреджик әскери базасында орналастырылған.

 

Аталмыш радиолокациялық база 1961 жылы іске қосылып, 1991 жылы Кеңес одағы ыдырығаннан кейін жабылған болатын. 2010 жылы НАТО саммитінде одақтастар АҚШ-ың әуе қорғаныс жүйесімен бірлесе жұмыс істейтін қуатты зымыранға қарсы жүйелерді дамытуды келісті. 2012 жылы АҚШ Түркияның Кюреджик әскери базасында қуатты AN/TPY-2 радарын орналастырды. Радардың негізгі қызметі Иран әуе кеңістігінен ұшып шығатын және Иран аумағында сыналатын зымырандарды, дрондарды бақылау болып табылады. Радар әуе нысандарын анықтап, басқару орталығына бірден ақпарат беріп отырады. ISW сарапшылары Иранның Израильге соққы сәтінде Түркия жеріндегі радардың маңызды рөл атқарғанын жазды.


F-35 fighter jets are only 'mission capable' 55% of the time, new report  says

 

Радарлардан келіп түскен ақпарат тек қана кемелердегі AEGIS жүйесіне емес, сонымен бірге F-35 ұшақтарына да жөнелтіледі. F-35 ұшақтары автоматты түрде зымырандардың ұшырылуына қатысты мәліметтерді алып, жасанды интеллект көмегімен жердегі Әуе қорғаныс жүйелеріне қарсыластың зымырандарына қатысты нақты ақпаратты жібереді.

 

Әскери сарапшылар Израильдің Иран зымырандары мен дрондарын атып түсіруіне аталмыш жүйелердің көмегі көп болғанын айтты. Иран жалпы жиынтығы 300-ден астам дрон мен зымыран атқан. OSINT сарапшылары зымырандардың бірнеше данасы Израиль аумағындағы әуежайдың ұшу жолағына түскенін анықтады.

 

Израиль әскері Иранға қарымта соққы жасауға ниетті. Әскери сарапшылар Иранның әуе қорғаныс жүйесінің сыналатын сәті келді деген пікірде. Соңғы 30 жылда Иранның әуе кеңістігіне ауқымды зымыран шабуылы жасалған емес. 


Mezgil.kz





Ұқсас тақырыптар