Путин ауданы: "Бұл шексіз алғысымыздың белгісі"

Грозный билігі Ресей президентінің құрметіне қала аудандарының бірін атамақ. Шешенстан астанасының әкімшілігі Грозныйдағы Шейх-Мансұр ауданын екіге бөліп, бір бөлігін Путин ауданы деп атау шешімін қабылдады. Қала мэрі аудан тұрғындарынан сауалнама алып, 34,7 мың адам жаңа атауды қолдайтынын айтты.


Путин вручил Кадырову орден Александра Невского — РБК

 

Жалпы сауалнама мен дауыс беруге 35 мың адам қатысқан. «Олардың 200-ден астамы ғана Путин ауданы деген атқа қарсы болып, өз нұсқаларын ұсынды» дейді қала билігі. Сауалнама мен дауыс беру нәтижесін қала билігі ел парламентіне жолдады, өз кезегінде парламент соңғы шешімді қабылдауы тиіс.

 

Көлемі 200 гектар болатын жаңа аудан құрып, оны Путиннің атымен атауды бұған дейін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров ұсынған болатын. Оның сөзінше жаңа ауданда 130 көп пәтерлі үй салынатын болады. Мешіт, мектептер мен балабақшалар бой көтермек.

 

Қадыров «Путиннің атындағы аудан салу шешен халқының Путинге деген алғысы, республиканы қалпына келтіруге көмектескені үшін ақжарма ниеті болып табылады» дейді. Оның сөзінше құрылыс жұмыстары аяқталған соң бұл аудан Грозныйдағы ең әсем, ең жайлы аудан болмақ.

 

2008 жылы Шешенстан билігі Путиннің құрметіне елдегі ең басты даңғылды өзгертіп тастады. Қадыров «Жеңіс» даңғылын «Путин» даңғылы деп атау себебі Ресей президентінің терроризмді жойып, Шешенстанды көтергені үшін жасалған құрмет белгісі деген еді. Бұған дейін Қадыров Гудерместегі арнайы жасақ университетін Путиннің құрметіне өзгерткен болатын.


Mezgil.kz

 



Ұқсас тақырыптар