Сатушы! Жылдам дайындалатын кеспе беріңізші!

Ресей халқы жылдам дайындалатын кеспе түрін сатып алуды еселеп арттырған. Өткен жылдың қаңтар-наурыз аралығымен салыстырғанда 2024 жылдың қаңтар-наурызында жылдам дайындалатын кеспені алатындар саны екі есеге көбейген. Бұл туралы «РИА Новости» сайты дүкендер, сату орындары мен онлайн сауда желілерінің ақпаратына сүйене отырып жазды.  


Врач объяснила, чем опасна лапша быстрого приготовления: 20 апреля 2021  21:38 - новости на Tengrinews.kz

 

«Самокат» онлайн дүкенінде жылдам дайындалатын кеспе саудасы 116%-ға артқан. «Ozon» желісінің ақпаратынша жылдам дайындалатын кеспе саудасы қызып тұр. Қазіргі сәтте ең көп сатылған тамақ түрлерінен жылдам дайындалатын кеспе алғашқы бес тағам түріне кірген. Жылдам дайындалатын кеспенің орташа чегі 48%-ға артты.

 

Wildberries сауда желісінің ақпаратынша қазіргі сәтте жылдам дайындалатын кеспе мен консерві түрлері ең көп сатылатын тағам түрлеріне енген. Бір жылда жылдам дайындалатын кеспені алушылар саны үш есеге артқан.

 

«Яндекс Лавка» дерегі бойынша да ең көп сатылатын тағам түрлері жылдам дайындалатын кеспе мен консервілер болуда. Соңғы үш айда жылдам дайындалатын кеспе саудасы 28%-ға артқан.

 

Сарапшылар жылдам дайындалатын кеспеге деген тапсырыстың артуы мемлекеттегі психологиялық көңіл-күйді де білдіреді дейді. Сонымен қатар бұл өзге тағам түрлерінің қымбаттауымен де байланысты болуы мүмкін. 2023 жылы Ресейде жұмыртқа, ет және шұжық бағасы шарықтап, тапшылық пайда болды. Бұл өзге тағам түрлеріне деген қызығушылықты арттырды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар