"Тыңшы" Тик-Ток: АҚШ неге Тик-Токпен алысуда?

АҚШ билігі Тик-Ток әлеуметтік желісіне қысымды арттырды. Вашингтон Тик-Токты иемденуге ниетті немесе АҚШ-та толық бұғаттап тастамақ. Ақ үй Тик-Ток желісі ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретініне сенімді және Бейжіңнің әлем бойынша ақпарат жинап, жеке бас деректерінің қорын құрудағы басты платформасы деп санайды.


США могут заблокировать Tik-Tok уже на этой неделе - Hi-Tech Mail.ru

 

Тик-Ток желісінің иегері саналатын ByteDance компаниясымен АҚШ билігінің арасындағы қақтығыс Бейжің-Вашингтон арасындағы сауда соғысынан кейін қыза түсті.

 

Алғаш рет АҚШ билігі Тик-Токтың ұлттық қауіпсіздікке қатері жайында 2019 жылы айта бастады. АҚШ-тың Федералды сауда комиссиясы Тик-Токты 13 жасқа дейінгі балаларға қатысты ақпаратты жинақтады деп айыптады. Оның ішінде желі арқылы балалардың мекен-жайы, геолокациясы, электронды поштасы, суреті мен видеолары, отбасы мүшелеріне қатысты ақпараттарды алуға болады деді. ByteDance компаниясы АҚШ билігіне 5,7 миллион доллар айыппұл төлеп, 13 жасқа дейінгі балалардың Тик-Токты қолдану ережесін өзгертті. Балалар АҚШ аумағында видео қарау мүмкіндігіне ие болса да, өз видеоларын жүктеу мүмкіндігінен айырылды.

 

АҚШ билігі 2017 жылы ByteDance компаниясы АҚШ-тағы 100 млн аудиториясы бар Musical.ly ән орындау қосымшасын сатып алғанын анықтады. Қосымшаны шетелдік компанияға сату АҚШ-тың шетелдік инвестициялар комитетінің келісімінсіз іске асқаны белгілі болды. Вашингтон қытайлық компания кейіннен бұл қосымшаның миллиондаған аудиториясын Тик-Токты дамытуға қолданды деген ойда.

 

The Guardian басылымы Тик-Ток желісі Қытайдағы адам құқығы мәселесіне қатысты ақпараттарды бұғаттайтынын айтып, зерттеу мақаласын жариялады. 1989 жылы Тяньаньмэнь алаңындағы оқиға, Қытайдың Шыңжаң аймағындағы адам құқықтары мәселесі, Фалуньгун тобына қатысты мәліметтер бұғатталады делінген зерттеу жұмысында. Вашингтон мақалаға сілтеме жасай отырып, «бұл адам құқығын шектеу және Қытайдың саясатын қолдау платформасы» деп мәлімдеді.

 

Артынша АҚШ билігі Тик-Ток желісін бірқатар азаматтарға қолдануға тыйым салды. Оның ішінде әскерилер мен шенеуніктер бар. Вашингтон Тик-Токты ақпарат жинайтын тыңшылық қосымшасы ретінде қарастырумен келеді. АҚШ-тың бұрынғы МемХатшысы Майк Помпео «Егер сіз Қытайдың коммунистік партиясына өзіңіз жайлы ақпараттар бергіңіз келсе, онда Тик-Токты жүктеп алыңыз» деген болатын.

 

Өткен аптаның сенбісінде АҚШ-тың Өкілдер палатасы Тик-Ток желісіне қатысты тағдыр шешті заңды мақұлдады. Ендігі таңда заң Сенаттың қаралуына жіберілді. Ол бойынша Тик-Токтың иегері болып саналатын ByteDance компаниясы Тик-Токты АҚШ билігіне беруі тиіс немесе ол АҚШ аумағында толық бұғатталады. Компания қазірдің өзінде бұл шешімді орындамайтынын айтуда. ByteDance ақпаратынша АҚШ-та 180 миллионнан астам адам Тик-Ток желісін қолданады. Сарапшылар  Вашингтон алдағы уақытта Google Play мен App Store-дан Тик-Токты алып тастауға әрекет жасауы мүмкін деген пікірде.


Ткк-Токты әлемнің кей елдері балалар психологиясына қауіпті желі ретінде қарастырады. Көршілес Қырғызстан 18-сәуірден бастап аталмыш желінің жұмысын бұғаттауды бастады. Бұл желідегі балаларға арналған контентті сүзгіден өткізудің әлсіздігімен түсіндірілуде. 


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар