Ресей алаңдап отыр: Қытай банктері бірінен кейін бірі әріптестікті үзуде

Қытай Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталған сәттен кейін, алғаш рет Ресейге машина, электронды жүйелер, зауыт құралдарын жеткізуді азайтты. Наурыз айында аталған тауар түрлерін Ресейге экспорттау 15%-ға азайған.  


В Китае пообещали усилить поддержку России на фоне ужесточения западных  санкций - Газета.Ru | Новости

 

Наурыз айында жалпы Қытайдың Ресейге тауар жеткізуі өткен жылдың наурызымен салыстырғанда 14,2%-ға азайған. Ақпан айында керісінше Қытайдан Ресейге тауар экспорты 9,6%-ға артқан болатын. Сарапшылар наурыздан бастап Қытайдан Ресейге экспорттың азаюын АҚШ-тың Бейжіңге қатысты санкциялық саясатының күшеюімен түсіндіруде.

 

Қытай Ресейге тракторлар, су жылыту жүйелері, электронды аппаратуралар, прожекторлар мен электр шамдары, көлікке арналған бөлшектерді жеткізуді азайтқан.

 

Желтоқсан айында АҚШ билігі Ресейге әскери мақсаттағы тауар түрлерін жеткізетін ұйымдарған, сол ұйымдардың қаржылық операцияларын іске асыратын банктерге жанама санкция салатын заңды бекітті. Артынша Қытай банктері Ресей компанияларымен келісімшарттарын үзе бастады.

 

Қаңтар айында Қытайдың PingAn Bank пен Bank of Nongbo банктері Ресеймен қаржылық байланысын үзетінін айтты. Аталмыш банктер Ресейден түсетін транзакцияларды өңдеуден бас тартты.

 

Наурыз айында Қытайдың ICBC, China Citic Bank, Industrial Bank, Bank of Taizhou, Bank of China банктері Ресейден түскен қаржы аударымдарын кері қайтара бастады. Бұл Ресей кәсіпкерлері үшін үлкен қиындықты туындатуда. Себебі Ресейдің кәсіпкерлері 2022 жылдан бастап активтерін Европада емес, көбіне Қытай банктерінде ұстауға шешім қабылдаған. 

 

Bloomberg басылымы Қытай банктері Ресеймен байланысын үзуді жалғастыратынын айтуда. АҚШ-тың «Өкілдер палатасында» қабылданған соңғы заң Ресеймен қарым-қатынас жасайтын қаржылық ұйымдарға жанама санкцияны қатаң режимде салуға мүмкіндік береді. Бейжің банктердің доллардан қағылып, Батыстағы активтерінің бұғатталуын қаламайды. Сарапшылар «Батыс пен Ресей таңдауы тұрған сәтте, Қытай банктері Батысты таңдайтынына» сенімді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар